Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7607 0 пікір 6 Тамыз, 2014 сағат 18:43

Қазақ БАҚ-ына жарнама бермейтіндерге – “байкот”!

Кеше, тамыздың 5-і күні Алматы қаласы Тянь Шан қонақүйінде «Қазақтілді ақпарат кеңістігі: бүгіні мен болашағы» атты тренинг өтті. Саясаттанушы  Айдос Сарым дәріскерлік еткен  тренингке журналистер мен қазақ тілді сайт редакторлары, PR-қызмет мамандары қатысты.  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұйытқы болған тренингтің басты мақсаты қазақ тіліндегі ақпарат құралдарындағы жарнама айналымының үлесін арттыру.

Шара аясында қатысушылар Қазақстандағы БАҚ-тың таралуымен оларды тұтынушылар туралы бір қатар нақты деректерге қанықты. Атап айтсақ, соңғы статистика бойынша қазақстандағы қазақтар саны 11 миллион 300 мыңға жақындаған. Солай бола тұра қазақ тілді БАҚ-қа деген сұраныс артпай келеді.  Ел аумағындағы қазақтардың қоныстану үлесі төмендегідей:

 

Бұдан солтүстік облыстардағы қазақы жұрттың аз болуы ақпараттық соғыс жүріп отырған бүгінгі таңда қауіпті үрдіс екенін аңғаруға болады. Қазіргі Украина ақпарат құралдары Ресейден келіп жатқан ақпараттық тасқынға төтеп беріп отыр, біздің де БАҚ саласындағы күшіміз нығая түсуі керек.

Пікір, тәжірибе алмасу форматында өткен шарада қазақтілді дәстүрлі БАҚ пен қазақтілді жаңа медиадағы жарнама нарығы және Қазақстандағы ғаламтор қолданушылары тап болып отырған мәселелер жайлы сөз қозғалды. Қазақ аудиториясы мен қазақша контент жасаушы сайттардың бір-бірімен ара қатынасы және интернет жобаларды қаржыландыру ісі де назардан тыс қалған жоқ.

“Мемлекеттің баспасөзді дамытуға бөліп отырған қаржысы Жалпы Ішкі Өнімнің 3,9%-ын ұстап отыр. Бұл дегеніңіз білім саласына бөлетін қаржымен тең” дейді Айдос Сарым.  Оның сөзі бойынша Қазақстанда 100 адамға 160 ұялы телефон, 24 ноутбуктен келеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда ғаламтордың болашағы бізде өте зор. Қазақстанда 16 мен 74 жастың аралығындағы адамдардың ғаламтор қолданатындары 60%, 6-74 жас аралығында 62%-ды көрсетіп тұр. Ал, жалпы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың 67%-ы ғаламторды пайдаланады.

Тренингте келтірілген дерек бойынша қазақстандық жарнама айналымында 1 миллиард доллар жүреді. Ал статистика агенттігі 262 миллион доллардың есебін шығарған. Бұдан жарнама нарығының өзінде де қара нарық қалыптасқанын аңғару қиын емес. Алайда осыншама қаражаттың қай тілдегі, қай саладағы БАҚ-қа жұмсалып жатқаны туралы нақты дерек жоқ. Бір анығы қазақ тілді басылым беттері мен ақпарат құралдарында, атап айтсақ “Қазақ радиосы”, “Шалқар радиосы” сынды ел аумағында таралымы ең жоғары радиоларда, мемлекеттік таралымы 50 мыңнан асатын газет-журнал беттерінде жарнама жоқтың қасы. Жарнамалық табыстар қазақ тілді БАҚ-тың қалтасына түсетін болса қазақ баспасөзі күшейе түсетіні анық, әрине бұл кейбіреулер үшін қажетсіз дүние. Қазақстандағы жарнаманың нарығын ұстаушы маңызды топ ең ірі елу компания. Тұтынушыларының көбі қазақ бола тұра жарнаманың орыс тілінде таралуы ақылға сиымсыз дүние. Тренингке қатысушылар «қазақ тілді БАҚ ел аумағында жарнамаға мұқтаж барша өндірістік орындарды қазақ тілінде жарнама беруге “мәжбүрлегені” жөн»,- деп тоқайласып, тек орыс тілінде жарнама беруші компанияларға байкот жариялау мәселесі де сөз болды.  Сондай-ақ ақпараттық кеңістікте де бірліктің қажет екені баса айтылды. Жиын соңында шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, кезекті тренингте бас қосуға уағдаласып тарасты.

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3552