Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 6484 0 пікір 11 Тамыз, 2014 сағат 15:43

Қызылорда облысында білікті мамандарды дайындайтын орталық ашылды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен «РҒӘО» АҚ Қызылорда облыстық филиалы және «Техмаман» ЖШС арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Аталған орталықтың жұмысының негізгі мақсаты – өңірімізде тасымалдау, ғимараттар құрылысы, құрылыс және автожолдарды жөндеу кәсіпорындарына қажетті жұмысшы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

«Орталықтың ерекшелігі болып - оның базасында білім мекемелері түлектерінің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және мамандарды сертификаттау, өндірістік оқу орындарының  шеберлері мен мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру  және т.б. саналады», - делінген хабарламада.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры  Д. Абсаттаров қазіргі уақытта бульдозер машинистері мен «В» санаттағы автокөлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жұмыстары басталатындығын айтты. Палатаның алдағы уақыттағы жоспары мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың салалық оқу-әдістемелік кластерін ұйымдастыру. 

 www.strategy2050.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610