Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3364 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 13:00

Талдықорғанда 25 мың адам қатысқан мамыр шеруі болып өтті

Талдықорған. 1 мамыр. ҚазТАГ - Талдықорғанда нөсерлеткен жауынға қарамай, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірінші мамыр шеруі өтті. Оған қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындарының, оқу орындарының, медициналық мекемелердің, ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, оның ішінде «Нұр Отан» мен «Азат» партияларының өкілдері - барлығы 25 мыңдай адам қатысты.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов өзінің құттықтау сөзінде: «бейбітшілік пен келісім арқасында Қазақстанда экономика дамып келеді, тұрмыс деңгейі көтерілуде, елдің халықаралық сахнадағы беделі артып келеді», - деп атап өтті. «Қазақ халқының толеранттығы мен қонақжайлылығына негізделген ұлтаралық және дінаралық төзімділікті, қол жеткізген тұрақтылықты сақтау біздің қасиетті парызымыз. Бұл біздің бұдан ары дамуымыздың және күшті де өркендеген ел болып қалыптасуымыздың кепілі», - деді ол.

Облыс басшысы Алматы облысында 100-ден астам ұлт өкілдері мекен ететіндігін және олардың барлығы бір отбасындай тату өмір сүріп жатқанын атап өтті. «Екі жыл бұрын Талдықорғанда салынған Достық үйі өңірдегі барлық ұлттық-мәдени орталықтардың туған үйіне айналып, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністіктің нығаюына өз үлесін қосып отыр. Қуанышта да қайғыда да біз біргеміз және біздің күш-қуатымыз да осында», - деді С. Үмбетов қорытынды сөзінде.

Шеруден соң қалада мерекелік шаралар жалғасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3507