Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3526 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 12:59

Қазақстан жинақтаған бейбітшілік пен ынтымақ тәжірибесі Халық бірлігі мерекесіне дем береді – Назарбаев

Астана. 1 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.

«Біз сіздермен ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік пен келісімнің баға жетпес тәжірибесін жинақтадық. Бұл ұғымдар бүгінгі күн мерекесінің рухына, біздің халқымыздың рухына сай келеді», - деді ол, сенбі күні Астананың орталық алаңында сөйлеген сөзінде.

«Жаһандану жағдайында, бүкіл әлем бірігіп жатқанда,барша елдер мен халықтар өзара араласып жатқанда, шекара болмай, барлығы ортақ болып жатқанда, біз оған ішімізден дайын болдық, біз мұнымен әр кез айналысып келдік. Сондықтан бізге осыншама үлкен құрметпен қарайды», - деді мемлекет басшысы.

Ол «бүгіндері қазақстандық тәжірибе ЕҚЫҰ-дағы біздің серіктестерімізде үлкен қызығушылық тудырып отырғанына» назар аударды. Бұл ұйымға Қазақстан биыл төраға болып сайланды.

Н. Назарбаев отандастырды «бұдан да күшті нығая түсіп, жаңа мақсаттарға бірге ұмтылып, дәстүрлі құндылықтарды, өзара сыйластық пен төзімділікті сақтауға» шақырды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1-ші мамыр мемлекеттік мереке болып табылады.

1-ші мамыр сенбіге сай келгендіктен, демалыс автоматты түрде дүйсенбіге, 3-ші мамырға ауыстырылады.

0 пікір