Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3438 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 12:58

«Қазгидромет» мамырдың алғашқы күндері ШҚО-да қызылсу жүру мүмкіндігін ескертеді

Алматы. 1 мамыр. ҚазТАГ - «Қазгидромет» РМК мамырдың алғашқы күндері Шығыс Қазақстан облысында қызыл су жүру қаупі барлығын ескертеді.

«1-4-ші мамыр аралығында температуралық фонның көтерілуі себепті және жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан өзендерінде су деңгейі одан ары көтеріліп, арнасынан, асып тасуы мүмкін», - делінген гидрометқызмет  таратқан дауылдық ескертуінде.

1-ші мамырда Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстар арқылы циклон ығысып, соның салдарынан жауындатып, күн күркіреп, екпіндетіп жел соғады, деп хабарлайды ТЖМ.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрып, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында шаңды боран соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Алдағы төрт тәулікте Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көктемгі су тасу үдерісі қарқын ала береді. ШҚО-ның жекелелеген өзендерінде су арнасынан асып, тасуы мүмкін. Оңтүстіктегі өзендерде су деңгейі құбылып тұрады. Шардара су қоймасынан су ағызу азаюы себепті ОҚО аумағындағы Сырдария өзенінде су деңгейі төмендейді.

0 пікір