Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3388 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 12:55

Премьер Шанхайдағы EXPO-2010 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Шанхай. 30 сәуір. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шанхайдағы EXPO-2010 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты. «Жақсы қала - тамаша өмір» тақырыбында өтіп отырған EXPO-2010 көрмесі Шанхайда 1-ші мамыр мен 31-ші қазан аралығында өтеді. Оған 200 мемлекет пен халықаралық ұйымдар қатысып отыр. Көрме павильоны алып отырған жалпы аудан 5,28 шаршы км болады.

Түске дейін К. Мәсімов Қазақстан, Ресей, Қытай мен Жапония павильондарын аралып көрді. Біздің республика онда Астананы әлемнің ең бір жас әрі ширақ дамып келе жатқан астаналарының бірі ретінде көрсетіп отыр. Павильон 8 негізгі зонадан тұрады. Атап айтсақ, «Таным территориясы», «Қала келбеті - 2030», «Астана алаңы», «Интерактивті сауық» деп аталады.

«Мен Шанхайдағы EXPO-2010 әлемнің бәрі жаңа кезеңде екенін көрнекті көрсетеді деп ойлаймын», - деді ол журналистерге ҚР ұлттық павильонын аралап көрген соң.

Астана 2017 жылы ЕХРО өткізуге өзінің кандидатурасын ұсынды.

ЕХРО-2010 ресми ашулы рәсімінің алдында К. Мәсімов бастаған Қазақстан ресми делегациясы технологиялық HUAWEI компаниясының ғылыми-зерттеу орталығының таныстырылымына қатысып, ондағы ғылыми зерттеулермен танысты.

Huawei корпорациясы телекоммуникация саласында жұмыс істейтін, Қытай, Үндістан, Швеция, Ресей мен АҚШ-та ғылыми зерттеу орталықтары бар қытайлық ірі компаниялардың бірі. Бүгіндері компания белді қазақстандық телекоммуникациялық операторлардың стратегиялық серіктесі, сондай-ақ Қазақстанның нарығына байланыс жабдықтарын жеткізуші. «Қазақтелеком» АҚ мен  Huawei корпорациясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге 2009 жылы сәуірде ҚР президенті Н. Назарбаевтың Бейжіңге жасаған сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары қол қойған болатын.

Қазақстан Үкімет басшысы EXPO-2010 көрмесінің ашылу рәсімінен соң сол күні Астанаға ұшып кетеді.

0 пікір