Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3509 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:27

Үздiк туындыларға байқау жарияланды

Елiмiздiң мәдениет саласында тер төгiп жүрген отандық композитор, ақын, драматургтердiң шығармашылығын қолдауға, сондай-ақ ұлттық опера және балет, драма театрлары мен жалпы музыка саласының бәсекелестiгiн арттыру мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi “Тәуелсiздiк толғауы” атты республикалық байқау жариялады. Алты саланы қамтитын байқаудың әр номинациясына үш жүлделi орын тағайындалған.
Өнер саңлақтары мен БАҚ өкiлдерiнiң басын қосқан сала министрi М.Құл-Мұхаммед байқау жайлы кеңiнен түсiнiктеме бердi. Конкурс – ең үздiк драмалық пьесадан бастап, опералық және балеттiк шығарма, камералық музыкалық туынды және қазiргi заманғы әндер мен балалар әндерiн қамтиды. Үздiк деп танылған шығармаларға қомақты қаржылай сыйақы тағайындалған. Мұнымен қоса жүлделi туындылар елiмiздiң жетекшi өнер ордаларында сахналанбақ.

Елiмiздiң мәдениет саласында тер төгiп жүрген отандық композитор, ақын, драматургтердiң шығармашылығын қолдауға, сондай-ақ ұлттық опера және балет, драма театрлары мен жалпы музыка саласының бәсекелестiгiн арттыру мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi “Тәуелсiздiк толғауы” атты республикалық байқау жариялады. Алты саланы қамтитын байқаудың әр номинациясына үш жүлделi орын тағайындалған.
Өнер саңлақтары мен БАҚ өкiлдерiнiң басын қосқан сала министрi М.Құл-Мұхаммед байқау жайлы кеңiнен түсiнiктеме бердi. Конкурс – ең үздiк драмалық пьесадан бастап, опералық және балеттiк шығарма, камералық музыкалық туынды және қазiргi заманғы әндер мен балалар әндерiн қамтиды. Үздiк деп танылған шығармаларға қомақты қаржылай сыйақы тағайындалған. Мұнымен қоса жүлделi туындылар елiмiздiң жетекшi өнер ордаларында сахналанбақ.
– Талантты туындылар тапсырыспен жазылмайды. Дегенмен кей жағдайда тапсырыспен дайындалған ұлы дүниелердiң бар екенiн жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, кеше ғана Астана төрiнде қойылған Дж Вердидiң атақты “Аидасы” 1869 жылы Суэц каналының ашылу құрметiне Египет үкiметiнiң тапсырысымен жазылған. Бiле бiлсек, 1935 жылы Қазақстанда консерватория бiтiрген бiрде бiр кәсiби маман жоқ кезде Евгений Брусиловский тапсырыспен “Қыз Жiбектi” жазып шықты емес пе?! Жалғыз бұл емес, әлемдiк музыка тарихында мұндай стандарт жиi кездеседi. Сондықтан бiз де осы бастама арқылы жаңа туындылардың өмiрге келуiне үлес қоспақшымыз. Бiздегi қос бiрдей опера және балет театрының репертуары сонау кеңес кезiндегi туындылардан тұрады. Осы арқылы соны жаңартуымыз керек, – дейдi Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Бүгiнде Қазақстанда артық-кемi жоқ тура 50 театр бар. Оның 22-сi қазақ, 14-i орыс, 4-еуi бiрiккен қазақ және орыс труппалары, сондай-ақ 6 қуыршақ театры және бiр-бiрден ұйғыр, немiс, кәрiс, өзбек театрлары жұмыс iстейдi. Орта есеппен жылына аталған өнер ордалары 10 мыңға жуық қойылым көрсетедi екен. Тәуелсiздiк алған тұста елiмiзде Астана мен Шымкент қаласында екi опера-балет театры, бұған қоса өңiрлерде 8 драмалық және музыкалық-драма театр бой көтерген. Репертуарларының кеңес кезiнен берi жаңаланбағаны болмаса Қазақстанды “театр отаны” деуге әбден болады.
Абай атындағы мүйiзi қарағайдай опера және балет театрында соңғы рет 1988 жылы “Құрманғазы” операсы қойылыпты. Араға 18 жыл салып, 2006 жылы ғана театр репертуары Еркеғали Рахмадиевтiң “Абылайханымен” жаңаланған. 1988 жылдан берi есептегенде 21 жылдың iшiнде елiмiздiң опера-балет театрларында “Абылайхан”, “Қалқаман-Мамыр”, “Томирис” сынды үш-ақ туынды қойылған. Ал соңғы балет – 1989 жылы Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған “Қаракөз” қойылымы болса, тек араға жетi жыл салып, 1996 жылы Ринат Салаватовтың “Әлқисса”, Қуат Шiлдебаевтың “Адам” туындылары дүниеге келген. Биыл Алмас Серкебаевтың “Тiлеп және Сарықыз” балетiнiң тұсауы кесiлдi. Мiне, болғаны осы ғана. Елiмiздi “театр отаны” деп ауыз толтырып айтқандағы бiтiрген шаруамыз.
– Бiр әндi жақсы көңiл-күймен отырып бiр кеште жазып тастауға болады. Ал опералық туынды ұзақ уақытты қажет етедi. Тiптi тарихта кейбiр операны өмiр бойы жазған композиторлар да кездеседi. Сондықтан опера жазу – ән жазу емес, – дедi сала министрi. – Осыған байланысты ең үздiк опера мен балеттiк шығарманың жүлделерiне қомақты сыйақы тағайындадық. Опера-балет туындыларын жасау өте күрделi. Композитордан бөлек оған либреттист қатысады, дирижердiң жұмысы да ескерiледi, бiр сөзбен айтқанда ұжымдық еңбек. Соны ескере отырып, егер бiрiншi орынға лайықты туынды болмаса, екiншi, үшiншi жүлделердiң сыйақысы көтерiледi.
Байқауды өткiзудегi тағы бiр мақсат – сапалы музыкалық туындылар арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеп, олардың отанына деген сүйiспеншiлiгiн арттыру. Сонымен қатар, дарынды да талантты жастардың танылуына жағдай жасап, олардың шығармаларын насихаттау. Әрине, байқау жай ғана жүлдесiн берiп, арқаға қағып шығарып салатын байқау емес. Мұның бiр ерекшелiгi – жүлделi орындарға лайық деп танылған опера мен балет туындысы К.Байсейтова, және Абай атындағы ұлттық опера және балет театрында мiндеттi түрде сахналанады. Ал мұның қаржысы бөлек қарастырылған. Бiр ғана операны сахналау үшiн 100 мың доллардан астам қаражат қажет екен.
Есiмi дүйiм жұртқа танылған өнер қайраткерлерiнен құралған қазылар алқасына Асқар Бөрiбаев жетекшiлiк жасайды. Байқауға ұсынылған туындылар үстiмiздегi жылдың 1 желтоқсанына дейiн қабылданады. 7 желтоқсан күнi қорытындысы анықталып, үздiк шығармалар келер жылы сахнаға дайындалады. Байқаудың барлық талаптары мен ұсынылатын шығармалардың түрi, көлемi, ұзақтығы, уақыты... сияқты толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң сайтынан табуға болады.

 

 

«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір