Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3360 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 12:55

Қазақстан газет баспагерлері қауымдастығы сот Т20 млн айыппұл салған «Уральская неделя» газетін қорғап, үндеу қабылдады

Қостанай. 30 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан газет баспагерлері қауымдастығы (ҚГБҚ) сот сын мақаласы үшін Т20 млн айыппұл салған «Уральская неделя» газетін қорғап, үндеу қабылдады. Қауымдастық жағдайдың мән-жайын тексеруін сұраған үндеуін президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинге, ҚР бас прокуроры Қайрат Мамиге және Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековке жіберді. Бұл туралы ҚазТАГ-қа қауымдастық президенті Сергей Миролюбов хабарлады.

«Біз сіздерден іс жүзінде «Уральская неделя» газетінің жабылуына әкеп соқтыратын осы әрекеттерге принципті баға берулеріңізді сұраймыз», - делінген үндеу мәтінін С. Миролюбов ҚазТАГ-қа берді.

Ол 2010 жылы 19-шы сәуірде Оралдың №2-ші сот судьясы Айша Ерғалиева  «Тенгизнефтестрой» АҚ-ның «Уральская неделяға» және журналист Лұқпан Ахмедьяровқа берген шағымын қарап, газет пен журналиске теріске шығару мақасын басуды міндеттеп және заңды тұлғаға моральдық шығын ретінде Т20 млн айыппұл салу туралы шешім шығарған.

«Теңізнефтестройдың» сотқа шағым беруге себеп болғаны Л. Ахмедьяровтың «Уральская неделя» газетінде 2009 жылы 6-шы тамызда жарияланған «За ширмой тендера» («Тендер пердесінің ар жағында») атты мақаласы болды. Онда компания тендер жүргізілуден әлде қайда ерте келешектегі «Жымпиты - Қаратөбе» газ құбырының орнында құрылыс жұмыстарын жүргізе басталғаны туралы айтылады. Осы фактінің негізінде журналист, демек, «Теңізнефтестрой» әлі жарияланбаған тендерде жеңетініне сенімді болған және ол сенім неге негізделді екен деп сұрайды?

Сот барысында шағым берушілердің өкілі конкурстық жобаны орындауға алдын ала дайындалғанын теріске шығармады, бірақ оған басқаша түсніктеме берді: осы арқылы компания «тендерде көрсетілген жұмыс көлемін орындауға дайын екенін қуаттады», - делінген қауымдастық үндеуінде.

Бұдан кейін, 29-шы сәуірде «Полиграфсервис» баспаханасының иесі Сергей Ильин «Уральская неделя» газетінің редакторы Тамара Еслямованы баспахана қызметін көрсету туралы келісімді біржақты түрде үзетінін жеткізді.

«Полиграфсервис» баспаханасының иесі реси хабарында «Уральская неделя» газеті саны жағынын ең ауқымды, экономикалық тұрғыда ең тиімдісі екендігіне қарамай,  «келісімшартты біржақты түрде үзуге мәжбүрмін» деп айтқан.

«Уральская неделя» газетінің редакторы Тамара Еслямованың пікірінше баспахана иесіне жергілікті билік қысым көрсетуде», - дейді қауімдастық жетекшісі.

«Бұл фактілердің барлығы Батыс Қазақстан облысында тәуелсіз басылымдардағы сынға төзімсіздік өршіп тұрғанын, өңірде өздеріне бағынбайтын әрі экономикалық дербес тәуелсіз басылымдарды кез келген тәсілмен (ойсырататын шағым беру, баспаханалардан қуу) жойғысы келетін ықпалды топтардың пайда болғанын аңғартады. Ерекше алаңдататыны - бұл оқиғалар ҚР президенті Н. Назарбаев IX-шы Еуразиялық медиа форумда сөйлеген сөзінде: «Бұқаралық ақпарат құралдарының келешекті қалыптастырудағы рөліне баға жетпейді», - деп мәлімдеп отырған кезде орын алып отырғаны.

Біз президенттің сөзі батыс қазақстандық БАҚ қуғынышларына қарағанда сіз үшін бос сөз емес деп үміттенеміз», - деп көрсетеді өздерінің үндеуінде газет баспагерлері қауымдастығының өкілдері.

0 пікір