Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5608 0 пікір 22 Тамыз, 2014 сағат 12:01

СУРЕТ СЫРЫ

Қазақтың рухы

Бұл суретпен қалың қазақ әлі таныса қойған жоқ. Себебі Алаш арысы Әлихан Бөкейханның жарқын бейнесін сақтаған жәдігер жақында ғана табылды. Фото Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорында сақталып келген. Сурет табылған папкада фотоға “Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908″ деген анықтама берілген. Құнды жәдігерді тауып, көшірмесін .azattyq.org сайтына жариялаған – Сұлтанхан Аққұлы.

Әлихан Бөкейхан:

– Қамауға аларда бас-аяғымды қалдырмай тінтіп шығып, соңынан қолымдағы портфелімді алғандарына қатты абыржып қалдым, оның ішінде Абайдың баспанаханаға өткізейін деген қолжазбасы болатын. Түрмеде өзімді қанша ұстап жазаласа да маған бәрібір, тек «Абайым» сақталса екен дегеннен басқа ойыма ешнәрсе кірген жоқ, тек арыз арқылы соны естеріне салдым. Ал кісі түрмеде қарап отыра алушы ма еді, қолыма алған еңбекті аударып тастайын деп жұмысқа кірісіп кеттім. Мезгілдің қалай тез өткенін байқамай қалыппын. Бір күні түрме бастықтары келіп: ''Сіз, Бөкейханов мырза, абақтыдан босатылдыңыз, жолыңыз ашық, шығыңыз'' дегенде, мен: «түрмеден әзір шықпаймын, жұмысымды бітіргенім жоқ, біраз күн отыра тұрайын», дегенімде, әлгілер сенер-сенбесін білмей: «Это Ваше дело, пусть будет так» деп шығып кеткен еді.

Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың естелігінен
Дайындаған Назерке ЖҰМАБАЙ

Мірдің оғы

Әлиханның 1937 жылы Мәскеудегі тергеушілер мен Сотта айтқан үш сөзі:

1) Қазақтың буржуазиялық зиялылары мені "ұлт көсемі" деп атады.
2) Мен қазақ халқын Совет билігіне қарсы күреске бастадым.
3) Мен ешқашан Совет өкіметін сүйген емеспін, бірақ мойындадым.
Үшіншісі – ақтық сөзі! 1937 жылдың 27 қыркүйегі күні 11:00 мен 11:20-ның арасындағы сотта айтыпты. Әлекеңді атуға үкім шығаруға небәрі 20 (!) минут жұмсапты!

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613