Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5208 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:43

Алматының 2009 жылы жөнделген барлық жолдары қанағаттанарлық жағдайда – қалалық әкімдік

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ - Алматының былтыр жөндеу көрген жолдары қанағаттанарлық жағдайда, делінген қалалық әкімдіктің бейсенбі күні таратқан хабарында.

«Бұрын хабарланғандай, 2009 жылы Алматыда рекордтық ұзындықтағы - 386 км жол жөнделді. Қысқы маусым аяқталысымен қала тұрғындарынан жол сапасына шағымдар түсе бастады. Алматының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы 2009 жылы жөндеуден өткен барлық жолдар тексеруден өткізді. Олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда», - делінген ақпараттық парақшада.

Құжатта айтылғандай, 2010 жылы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы тағы 220 км жолды жөндеуді жоспарлаған. Ауа райы қолайлы бола салысымен мердігерлер ондай жұмысқа кірісіп  те кетті.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы ұзындығы 144,8 км болатын қаладағы 191 көшені орташа жөндеуден өткізіп, және Т 2 785 млн сомаға 35 212 шаршы метр жолды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Одан басқа, 2010 жыл бойына, «Айгерім-1,2» ықшам аудандарында ұзындығы 8,1 км жолды, «6-шы Градокомплекс»-те  -10,2 км, «Қалқаманда» - 5,1 км, «Думанда» - 7,61 км және «Алтын бесікте» - 4,33 км жолдарды жалпы сомасы Т1,5 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

Сондай-ақ биыл, ұзындығы 5,6 км болатын Достық даңғылынан бастап Балтабаевская көшесіне дейінгі құны Т14,8 млрд Шығыс Айналмалы Алматы автожолының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

0 пікір