Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5368 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:41

Адам саудасымен айналысқаны үшін Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімдерге сотталды

Өскемен. 30 сәуір. ҚазТАГОблыстық соттың аппеляциялық коллегиясы қыздарды жыныстық қызмет үшін саудалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне Риддер қалалық соты шығарған, 2-ден 10 жыға дейін бас бостандығынан айыру жөніндегі шешімді күшінде қалдырды, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

«Топқа жеті адам кірген. Оны ұйымдастырушылар бұрын сотталған В.Сачук пен С. Полторанин мүліктері тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Олардың сыбайластары О.Золотых – жалпы тәртіптегі колонияда бес жылға, тағы үшеуі – Каблашов, Передерьева, Изотова – екі жылдан сотталып, К. Пустокашинаға іздеу жарияланып, оған қатысты іс жеке эпизодпен бөлектенді», - деп айтып берді прокуратурадан.

Топ бір жылдай жұмыс істеген. Бөлініп алынған рөлдерге сай, біреулері Зыряновскіде қыздарды іздеп тауып, оларды жоғары жалақы мен Риддерде тегін тұрасыңдар деген жалған уәделермен жезөкшелікпен айналысуға көндіріп, басқалары оларды клиенттерге апарып беріп отырған.                                                                

«Қылмыстық әрекетке қонақ үйінің бастығы Передерьева мен кассир Изотова тартылып, олар көрсетілген жыныстық қызметке есеп жүргізіп, қыздардан ақшаларын жинап отырған. Тәртіпті бұзғаны үшін, шақырту бойынша бармағаны, тыңдамағаны үшін айыппұл бекітіліп отырған. Мысалы бір қыз мас болғаны үшін қатаң соққыға жығылған», - дейді прокуратурадағылар.

Қылмыстық топты анықтауға келіп түскен оперативті хабар көмектескен.

0 пікір