Сейсенбі, 14 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 61755. Жазылғандар — 35911. Қайтыс болғандар — 375
Саясат 6303 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 22:28

УКРАИНА. РАДА. МИНСК

Украина президенті Петр Порошенко Украинаның Жоғарғы Радасын таратты. Порошенко өзінің мәлімдемесінде былай дейді: «Бұл депутаттардың көбі диктаторлық заң қабылдап, соның кесірінен жүздеген адам мерт болды. Осы үшін қылмыстық әрі саяси жазаға тартылуы тиіс. Рада да ұзақ уақыт отырып қалған көптеген депутаттар сепаратисттердің тікелей демеушісі әрі олармен ым-жымы бір болмаса да, сепаратисттерді қолдаушылар. "ДНР" и "ЛНР" террористік ұйым ретінде мойындау туралы хабарға да 232 дауыс әрең жиналды».

Алдын ала жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Украина президентінің шешімін  украина халқының 80 пайызы қолдаған. Порошенко өз сөзінде Жоғарғы Рада сайлауы ашық әрі демократия талаптары сай өткізіледі деп атап көрсеткен.

Минск


Бүгін Ресей, Қазақстан, Украина және Белорусь елдерінің басшылары Минскіде кездесу өткізіп жатыр. Кездесу барысында Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Украина президенті П.Порошенко өзара жолығып, сөйлесті. Қазақстан президенті әңгіме барысында Минскідегі кездесуде Путин мен Порошенко көзбе-көз сөйлесіп, Украина мәселесіен шешулері керектігін айтқан.

Әзірге Минск кездесуінің қалай аяқталатыны белгісіз.

Abai.kz

0 пікір