Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5197 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:39

Ху Цзиньтао Қазақстанды дағдарысты табысты еңсеруімен құттықтады

Шанхай. 30 сәуір. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанды дағдарысты табысты еңсергенімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Ол бұл құттықтауын Шанхайда жұмыс сапарымен жүрген ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке айтты. «Кездесу барысында Ху Цзиньтао жаһандық дағдарысты табысты еңсергеніне және бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономикалық өсімге қол жеткізгеніне байланысты Қазақстан басшылығына құттықтау айтты», - деп мәлім етті журналистерге жұма күні кездесу қорытындысы бойынша ҚР үкімет жетекшісінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Думан Хамит.

Оның айтуынша, тараптар мұнай-газ саласындағы, атом энергетикасы, инфрақұрылымды, шекаралық сауданы дамыту салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, 2010 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан ЖІӨ-нің өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  6,6% құрады.

Бұрын хабарланғандай, премьер-министр К.Мәсімов Шанхайда жұмыс сапарымен жүр.

Ол онда EXPO-2010 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысып, ҚХР саяси басшылығымен және Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың жетекшілерімен кездеседі.

«Үздік қала-жақсы өмір» ұранымен өтетін EXPO-2010 көрмесі Шанхайда мамырдың 1-інен қазанның 31-іне дейін жалғасады. Қазақстан көрмеде Астананы әлемдегі ең жас және қарқынды дамып отырған астана ретінде таныстырады.

0 пікір