Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8529 0 пікір 30 Тамыз, 2014 сағат 00:35

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

     

Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымдар конкурсының қорытындысы шығарылды.

Аталған конкурсқа 2014 жылғы 11 маусым мен 21 тамыз күндері аралығында  20 автордың  37   мақалалар мен сюжеттері ұсынылды. «Үздік автор» номинациясы бойынша 20 автор тарапынан   32 мақала және «Үздік тележурналист» номинациясы бойынша 3 тележурналист тарапынан дайындалған 5 бейнематериал құжаттары қабылданды. Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге арналған үздік материалдар анықталып, конкурстың қорытындысы бойынша марапатталып отыр.  Байқаудың жеңімпаздарын облыстық ішкі саясат басқарамасының басшысы Берік Уәли  арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Біріншіден, барлықтарыңызды ҚР Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасы «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» тақырыбында өткен байқауымызды қорытындылап отыр. Байқауға түскен материалдардың барлығын қарадық. Арнайы құрылған комиссия үздік мақалалар мен сюжеттерді анықтады.  Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, насихаттау тек журналистердің міндеті ғана емес. Мемлекетімізідің әрбір азаматының міндеті мен парызы. Сондықтан еңбектеріңізді ұсынып, байқауға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.  Барлықтарыңызды байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегер атануларыңызбен құттықтаймын. Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау бағытында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті бола берсін» - деді, облыстық  ішкі саясат басқарамасының басшысы Берік Уәли.

 

«Үздік автор» номинациясы

I – дәрежелі диплом «Дөңгеленген дүние» газетінің бөлім меңгерушісі Шынәділова Нұрила

II – дәрежелі диплом «Южный Казахстан» газетінің тілшісі Әбдіжаппарова Салтанат Нұрдаулетқызы

II – дәрежелі диплом тәуелсіз журналист  Нұрмаханбет Ділдәгүл Биболатқызы

III – дәрежелі диплом «Қазақстан жолы» газетінің жауапты хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы

III – дәрежелі диплом М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Үсенқұлова Қарлығаш

III – дәрежелі диплом «Шамшырақ» газетінің тілшісі Сүндетова Айгүл Жанділдәқызы

«Үздік тележурналист» номинациясы

I – дәрежелі диплом «Айғақ» телеарнасының тілшісі Мәдібек Ботагөз Қанатқызы

II – дәрежелі диплом «Отырар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Бекеева Мөлдір Бауыржанқызы

IIІ – дәрежелі диплом «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының  жаңалықтар бөлімінің редакторы Оңласбекова Гүлмира Сағатқызы

0 пікір