Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3408 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:35

Алматыда фармацевтикалық фирма тоналды

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Алматының Жетісу ауданында фармацевтикалық өнім сатумен айналысатын ЖШС-ке топтасқан шабуыл жасалды. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Олар қылмыстық оқиға түнгі сағат 2 мен 3-тің арасында Омаров көшесінде болғанын атап өтті. Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, қылмысты беттеріне бетперде киген төрт қаскүнем жасаған. ЖШС аумағына енген қылмыскерлер алматылық күзет фирмасының 54 жастағы күзетшісінің аяқ-қолын пластик жіппен байлап тастаған. Оның аузын скотчпен қымтап, бөлмелердің біріне қамап қойған. Осыдан кейін кеңсенің есігін бұзып, директор мен бухгалтердің кабинеттеріне кіріп, үш сейфты ашып, Т16 мың көлеміндегі ақшаны және ұйымдастыру техникасын олжа етіп, фирманың ауласында тұрған ЖШС-ке тиесілі Toyota көлігін мініп кеткен.

Шабуылдан кейін 2 сағат өткен соң ғана тонаушылық туралы полицияға хабарланды. Күдіктілерді анықтап, оларды ізін суытпай ұстау әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды, дейді құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Ол бұл қылмысты арнайы құрылған оперативті-тергеу тобы тергейтінін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565