Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5867 0 пікір 10 Қыркүйек, 2014 сағат 08:03

Елім менің – Қазақстан

                                            Елім менің – Қазақстан

Қыркүйектің 9-ы күні  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау туралы Жарлығына орай  елдікке, бірлікке, ынтамаққа үндеген «Елім менің – Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өтті.

 Еліміздегі іргелі агротехникалық салада кешенді білім беретін оқу ордасында өткен шара барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс барысына тоқтала келіп, алдағы жылы аталып өтілмек шараларға дайындық барысы туралы ерекше тоқталды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков студенттер алдында  елдегі  халықтар достығы туралы Қазақстандық дәстүрді тілге тиек етті.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, Астана  қалалық Мәслихатының депутаты Ақылбек  Күрішбаев: «Біздің университеттегі 29 ұлт өкілі оқитын 10 мың студент, 20 ұлт өкілі қызмет ететін мыңнан аса ұстаздар Елбасының осы салиқалы саясатын бірауыздан мақұлдайды.  Бүгінде  ғылыми-зерттеу университетіне қадам басқан оқу орны тек қана білім мен ғылымның ордасы ғана емес, тәрбиелі ұрпақтың мекеніне айналды. Татулық пен бірлікті насихаттайтын «Достық» клубы  кеңейіп,  кафедраға айналып отыр. Енді ол Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы деп аталады. Бұл кафедра болашақта татулықтың жаршысы болып отырған Сіздермен, құрметті қонақтар, Қазақстан халықтар ассамблеясымен тығыз жұмыс істейді деп сенім білдіремін!» деп сөзін қорытындылады.                       

Осы орайда айта кетер жайт, биылғы оқу жылында  ҚазАТУ-ға 2 364 студент қабылданса, оның 1 238-і мемлекеттік грант иегерлері болып табылады. Бүгінде ҚазАТУ ұлттық университеттер деңгейімен теңесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның жаңа индустрализациясы» бағдарламасын жүзеге асырушы республика бойынша 4 ғылыми-зерттеу университеті мәртебесіне ие болды. Біздің оқу орнымыздан басқа аталған университеттер қатарына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті және Қазақ Ұлттық аграрлық университеттері кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім саласын Дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында экономиканың әр саласын кадрлармен қамтамасыз ететін базалық 10 университет анықталған болатын. Бұл бағдарламаға кірген университеттердің материалдық-техникалық базасы мемлекеттік қолдауға ие болады. Біздің оқу орнымыздың осы 10 университеттің қатарында болуы ұжымға көрсеткен үлкен сенім және зор мәртебе.

Салтанатты шара барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Қазақстан  халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі болды. 

Қазақстан  халқы Ассамблеясы мен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568