Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 8414 0 пікір 15 Қыркүйек, 2014 сағат 17:42

ЕВРЕЙ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ

Баласы біреумен шекісіп қалса қазақ "Өй, қорқасың ба? Тұмсығын бұз!"дейді, еврей:"Балам, наданмен надан болма, өзіңді олардан биік ұста"
Қазақ балалары атасының, әжесінің, әкесінің, мамасының баласы болып "жіктеледі". Сол мәртебеге орай оларға сөз өтуі қиын. Әсіресе атасы мен әжесінің баласына басқалардың әмірі жүрмейді. 
Еврейлерде мұндай шолжаңдық жоқ. Бала үшін әке-шешенің сөзі - заң. Осы айда мына кітапты оқисың дей ме-оқылады, осынша есеп шығарасың дей ме-шығарылады. 
"Сенің атаң батыр болғанға" арқаланған қазақ баласы спортзалда қарсыласын төмпештеп, алысып-жұлысып жатқанда еврей баласы бір бөлмеде скрипкасын шиқылдатып, немесе, шахмат ойнап отырады... 
Қазақ 16 жасқа толған баласының өзін еркелетіп, айналып-толғанып отырады. 
Еврей баласы 16 толып, қолына төлқұжат алғаннан кейін "Мен Ұлы Отанымды, халқымды ешқашан жерге қаратпаймын!" деп салтанатты жиында қандастарының көзінше ант береді... Сосын Мұса пайғамбар заманында жөйттердің азығы болды делініп жүрген қалыңдығы қағаздай жүгері нанынан ауыз тиеді... Және бәрі қыздай сызылып тұрады. 
Сонда деймін де олар өскен кезде неге өлермен болып, Отаншылдық жағынан батырлардың ұрпақтарын озып кетеді?!

(Серік Әбікеннің фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір