Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
46 - сөз 8685 0 пікір 21 Наурыз, 2014 сағат 13:42

Ұлт үшін құрбан болу – ұлтшылдық ережесі

Жүсіпбек Аймауытұлы:

Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық - ұлтшыл­дықтың осы күнде ең берік ережесі.

***

 Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі.

***

 Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениет­ті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қыз­меткер табылуы қиын.

0 пікір