Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 9120 0 пікір 24 Наурыз, 2014 сағат 17:53

Райхан гүлінің жаңа сорты: «Президент Назарбаев»

Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерланды еліне ресми сапары басталған болатын. Гүлдердің отаны аталатын ел ҚР Президентіне тамаша тарту жасап, райхан гүлінің жаңа сортына «Президент Назарбаев» деген ат берді. Сондай-ақ, голландықтар почта маркасына да Назарбаевтың бейнесін салып қарсы алды.

Ал Роттердам қаласының мэрі болса, қаладан «Астана» алаңын ашатындығын жария етті. Бұл жайында Ақорданың баспасөз орталығы хабарлайды.

Нидерланды Қазақстанға 30 миллиард доллар инвестиция салып отырған ел. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларды құрайды.

Абай-ақпарат

0 пікір