Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8482 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 04:41

«Көп сөз – боқ сөз»

«Ұлы сөзде ұяттық жоқ» деуші еді ғой қазақ. Тақырыпты тап осылай етіп көрсетуіміздің бір сынық себебі осы болса, үлкен себебі бұл сөз Евразия медия форумында айтылды. Қазақ тілінде. Суретші Қана Ибрагимовтың аузымен.

Құрметті меймандар кең залда бір бірімен арқа-жарқа әңгімелесіп, абың-гүбің болып жатқан. Кенет сызылған сыбызғының үні естілді де,ортаға бейтаныс бір жігіт шыға келді. Меймандар елең етісе қалған. Кенет әлгі жігіт (суретші Қанат Ибрагимовты айтып отырмыз) қойнынан парақшаларды суырып алды да шаша бастады. Онысымен қоймай әлгіндей ұлы сөзді дауыстай айқайлап қызық жасады. Енді форум туралы нақты әңгімеге көшелік.

 

«Ұлы сөзде ұяттық жоқ» деуші еді ғой қазақ. Тақырыпты тап осылай етіп көрсетуіміздің бір сынық себебі осы болса, үлкен себебі бұл сөз Евразия медия форумында айтылды. Қазақ тілінде. Суретші Қана Ибрагимовтың аузымен.

Құрметті меймандар кең залда бір бірімен арқа-жарқа әңгімелесіп, абың-гүбің болып жатқан. Кенет сызылған сыбызғының үні естілді де,ортаға бейтаныс бір жігіт шыға келді. Меймандар елең етісе қалған. Кенет әлгі жігіт (суретші Қанат Ибрагимовты айтып отырмыз) қойнынан парақшаларды суырып алды да шаша бастады. Онысымен қоймай әлгіндей ұлы сөзді дауыстай айқайлап қызық жасады. Енді форум туралы нақты әңгімеге көшелік.

 

Еуразиялық медиа форум Алматы қаласында осымен тоғызыншы рет өтті. Әдетте жылда ғаламдық мәселелер - Гондурастағы жағдай, Иранның ядролық саясаты, Исландиядағы вулкан, тағысын тағылары - медиа форумның төрінде сөз болады, ал үлкен саясаттан гөрі, нағыз медиа саласына қатысты, оның ішінде Қазақстандағы сөз бостандығы, қазақ журналистерінің жағдайы, «БАҚ туралы» заңның түйткілдері, интернеттегі еркіндік мәселелері, аймақтық журналистиканың даму деңгейі дәлізде, өз арамызда айтылады да қалады. Ең қызығы, осыдан бірнеше жыл бұрын сыр берген медиа форум соңғы демі қалса да ұйымдастырыла беретін сияқты. Биылғы форумға жылдағыдай көп қонақ келген жоқ. Әдетте Алматыға 600-ден астам шетелдік сарапшыны шақырып отыратын медиа форум ұйымдастырушылары «биыл неге меймандарыңыз аз?» деген сауалға, біріншіден, қаржы дағдарысын желеу етіп, екіншіден, исландиялық жанартауды айыптады. Біздіңше, мұның бір қыры медиафорумның биылғы жаңалығы - мүшелік жарна төлеу бастамасына барып тірелетін сияқты. Әрине, бұл әлемдік үрдіс, бірақ соған сай ұйымдастыру жағы да мінсіз болуы керек қой...

 

Өкінішке қарай, журналистер қауымы форумға тағы да наразы болды. Біріншіден, «медиа» деген атауын ақтай алмай отырған форум шетелдік меймандарды алақанына алып күтсе де, журналистерге жұмыс істейтін мүмкіндікті бере алмай отырған сияқты. Себебі форумның алғашқы күні медиа-орталықта компьютерлер болса да, интернет атаулы бірнеше сағат болмады. Ақпарат таратушы агенттіктер факс арқылы ақпарат жіберуге мәжбүр болды. Бұл да жұмысқа үлкен тежеуіш. Біз ұйымдастыру комитетіне тікелей қатысы бар Владимир Рерихты дәлізде ұстап алып, осы мәселені айтқанымызда, ол бізге: «Шағымдарыңызды жазып, ұйымдастырушыларға жолдаңыз» деп, қысқа қайырды. Екіншіден, мемлекеттік тілді менсінбейтін сыңай танытып қоятын форумда екі-ақ жұмыс тілі бар: орыс және ағылшын тілдері. Бірақ бұл қазақ журналистерінің де «жұмыс тілін» компьютерлерден сызып тастау керек деген сөз емес шығар...  Мәселен, нешетүрлі қызықтармен жабдықталған компьютерлердің көбінде қазақша шрифт де болмады. Біз тағы да ұйымдастырушыларға барып, наразылығымызды жеткізіп, біраз уақыт өткізіп, компьютерлерге қазақша шрифтерді енгіздірдік. Қазақша аударылған баспасөз-релиздерін көрсеңіз, жаныңыз ашиды. Орысша ақпарат толықтай қамтылып, дер кезінде таратылып жатса, қазақшасы кешіктіріліп және қысқаша беріліп отыратын сияқты. Осыдан кейін қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі төмен, олар жедел ақпарат таратпайды деп қалайша айыптауға болады? Біз аудармашы болып шаршадық: орыстілді әріптестеріміз бір жұмыс атқарып отырса, біз екі жұмысты бірдей атқаруға мәжбүр болдық. Әрі журналист, әрі аудармашымыз. Енді үшінші қызметке ие болдық. Қате баспасөз-хабарламаларының корректорымыз!

Үшіншіден, бұл форум тек қана «тұрақты меймандардың» жиынына айналған сияқты. Жылда сол баяғы сарапшылар, меймандар...  Жаңалық жоқ. Айтпақшы,  Қанат Ибрагимовтың «акциясынан» күн ілгері «Голос Республики» газетінің журналистері «ОБСЕ, көзіңді аш!» деп, фойеде өзіндік флеш-моб ұйымдастыру арқылы меймандардың назарын журналистерге бұрмақ болған еді, бірақ оларды күзетшілер лифтіден шығармауға тырысып, ұзақ тұрды. Ақыр аяғында флеш-моб ойдағыдай өтті. Бәлкім, биылғы форумның жаңалығы да суретші Қанаттың айқайы мен тәуелсіз журналистердің ұраны болса керек. .  Ұйқылы-ояу «форум» дүр сілкінді...

 

Бес Қасқа.

Алматы. Евразия медиа форумынан

СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН ЕРКІН ҚУАТАЙҰЛЫ

0 пікір