Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4460 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 04:00

Ұлықбек Есдәулет. Қазақстан келешекке крест арқалап бара ма?

Ескi сырқаты қайталап қалған көршi кемпiр келiнi шақырған «Жедел жәрдем» көлiгiне отырудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты... Кейуананы тiксiндiрген нәрсе - дәрiгерлiк көмек машинасының қапталында жарқырап көзге ұрып тұрған Қызыл крест белгiсi болып шықты!

«Қанша ғұмырым  қалғанын бiр Алла ғана  бiледi. Төрiмнен көрiм жуық қалғанда мұндай кәпiрдiң көлiгiне мiнiп, кресiне кiрiп жатқым келмейдi. Екi дүниеде риза болсын десеңдер менi қыстамаңдар! Күнә арқалатпаңдар..» деп азар да безер болып, есiнен танып тынғанша келген дәрiгерлерге де, бала-шағасына да көнбей жатып алған екен. Басқа көлiк тауып әкелгенше қарт ананың көзi жұмылып, жүрiп кеткен... Ұрпақтары аяқ-астынан ұлардай шулап қала бердi.

Бiр қарағанда, дәрiгерлiк көмек дер кезiнде көрсетiлмегеннен болған қаза сияқты. Бiрақ тура келген ажалға медицина да лажсыз. Оның үстiне жасы келген кария. Талқаны таусылған да болар.

Дәл осыған ұқсас жәйттiң болғаны туралы көп жыл бұрын бiр басылымнан оқыған да едiм. Ендi мiне өз құлағыммен естiп, куәдүр болдым.

Ескi сырқаты қайталап қалған көршi кемпiр келiнi шақырған «Жедел жәрдем» көлiгiне отырудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты... Кейуананы тiксiндiрген нәрсе - дәрiгерлiк көмек машинасының қапталында жарқырап көзге ұрып тұрған Қызыл крест белгiсi болып шықты!

«Қанша ғұмырым  қалғанын бiр Алла ғана  бiледi. Төрiмнен көрiм жуық қалғанда мұндай кәпiрдiң көлiгiне мiнiп, кресiне кiрiп жатқым келмейдi. Екi дүниеде риза болсын десеңдер менi қыстамаңдар! Күнә арқалатпаңдар..» деп азар да безер болып, есiнен танып тынғанша келген дәрiгерлерге де, бала-шағасына да көнбей жатып алған екен. Басқа көлiк тауып әкелгенше қарт ананың көзi жұмылып, жүрiп кеткен... Ұрпақтары аяқ-астынан ұлардай шулап қала бердi.

Бiр қарағанда, дәрiгерлiк көмек дер кезiнде көрсетiлмегеннен болған қаза сияқты. Бiрақ тура келген ажалға медицина да лажсыз. Оның үстiне жасы келген кария. Талқаны таусылған да болар.

Дәл осыған ұқсас жәйттiң болғаны туралы көп жыл бұрын бiр басылымнан оқыған да едiм. Ендi мiне өз құлағыммен естiп, куәдүр болдым.

Бұл жерде дәрiгерлердi айыптау жөн бола ма? Кемпiрдi ықтиярсыз әкетпедiңдер деп қалай айтпақпыз? Кiмдi кiм күштеп емдемек? Науқасы меңдеген шешелерiне сөзi өтпеген бала-шағасына  не деп болады? Онсыз да қайғыдан қамығып отырғанда.  Бұл жерде бiреуге кiнә тағу орынсыз. Бiрақ, бәрiбiр де байызсыз көңiл жауап iздеп, жай таппайды.

Жарықтықты «ит көрген ешкi көздендiрген»  осы Қызыл крестке бiздiң көзiмiз бен бойымыз үйренiп кеткенi сондай - назар да аудара бермеймiз. Ол да өзiмiз өмiр бойы жұтып жүрген ауа секiлдi елеусiз, етене болып кеткелi қаш-шан?!. Күнделiктi тұтыну тауарларының қатарына сiңiп алған.

Мен осы оқиғадан кейiн жан-жағыма бажайлап қарап бағып едiм - қаладағы көшелердiң тұс-тұсынан  «менмұндалаған» қызыл-жасыл крестердi көре бастадым.

Алматыда жүйткiп жүрген «Жедел жәрдем» көлiктерiнiң бәрiнiң де қабырғасында Қызыл крест! Мәлiметке қарағанда, мұндағы Жедел медициналық жәрдем стансасының дәрiгерлерi жылына 600 мың адамның шақыруына барып, көмек көрсетедi екен. Сонда Алматыдағы аурудан арашаланған сол алты жүз мың адам алғысын Аллаға қоса Қызыл крестке де  айта ма? Ал бүкiл Қазақстан бойынша ше?

Сонау атеистiк, құдайсыз Кеңес өкiметiнiң кезiнде осы Қызыл Крестiң қасында Қызыл Ай тұратын едi ғой? Бiз сол мұсылмандық нышанымыздан тәуелсiздiк тұсында қалайша айырылып қалдық?

Жалпы, қандай крест болса да ол - қай-қашанғы ұғымда христиан дiнiнiң белгiсi болып саналады. Оның өзiндiк терең тарихы бар. О баста көне Мысыр мен Бабылда, Ассирия мен Мессопотамияда, т.б. жерлерде құдайлар рәмiзi болып табылған крест кейiнiрек христиан конфессиясындағы елдердiң көпшiлiгiнiң дiни құлшылығының басты нышанына айналған. Христиан дiнiнде Иса пайғамбардың Понтий Пилаттың үкiмiмен креске шегеленiп, азапталып өлтiрiлуiмен байланысты пайда болғаны белгiлi.
Орыстың «крест» сөзi латынның «сrux» - яғни «дар ағашы, немесе ағаштан жасалған азаптау құралы» деген сөзiнен шыққан. Осыдан латын тiлiнде «cruciare» - «азаптау, қинау» деген етiстiк пайда болған екен. Ал бұл  орысша «крестить» - қазақ тiлiнде «шоқындыру» деген мағына беретiнiн әркiм бiледi. Орыс тiлiндегi крестке қатысты тұрақты сөз тiркестерi де қазақы ұғыммен қарасаң оңып тұрған жоқ: «поставить крест - сызып тастау, жоқ қылу», «нести свой крест - өз азабыңды өзiң арқалау»  деген мағынада. Демек,  азаптау, қинау, жоқ қылу, жою, азап арқалау, шоқыну сияқты ұғымдар беретiн, ұлттық таным-түсiнiгiмiзге, салт-санамызға үйлеспек тұрмақ аса қайшы келетiн крест белгiсi бүгiнгi егемен елiмiздi қалайша жаулап алған? Бұған кiмдер жол берiп отыр?

Жер бетiндегi ислам дiнiнiң тұқымын тұздай құртпақ болған Рим папасы Урбан II 1095 жылы өзi мұрындық болып, сауын айтып,  бүкiл батыс-шығыс Еуропаның қылыш ұстауға жарайтын еркек кiндiктiсiнiң бәрiн тiк көтерiп, қаруландырып, атқа қондырып, Мұхаммеддiң (с.ғ.с.) үмбеттерiне қарсы алғашқы крест жорығын ұйымдастырған. Содан бастап 1270 жылға дейiн ислам дiнiн өмiрден өшiруге,  күллi мұсылмандарды қырып-жоюға бағытталған  8 крест жорығы жасалған. Оған қатысқан бүкiл жауынгерлер күллi сауыттарының, киiмдерiнiң өңiрi мен сауырына, кеудесi мен арқасына, қалқаны мен тоқымына дейiн крест белгiсiн салғызып соғысқандықтан солай аталған. Адамзат тарихында бiздiң дiндестерiмiздi қанға бояған бұл сегiз крест жорығы - сол замандағы сегiз дүниежүзiлiк соғыспен парапар болған! Және барлығы да мұсылмандарға қарсы жойқын соғыстар едi. Бiздiң мақтанышымыз қыпшақ Бейбарыс сұлтан осы дүниежүзiлiк соғыстардың қаһарман жеңiмпазы екенiн айта кету артық болмас. Сол Бейбарыс бабамыз бүгiн тiрiлiп келсе не бетiмiздi айтар едiк?

Жалпы Скандинавия мен Европа ғана емес, бүкiл дүниежүзiндегi христиан дiнiндегi елдердiң көпшiлiгiнiң тулары мен гербтерiнде осы крест белгiсi бар.

Ал, қазiргi қызыл крест  Швейцарияның туынан алынған. 1859 жылы француздар мен итальяндар бiрiгiп австриялықтармен соғысқанда екi жақтан 40 мың адам қырылған. Сол қанқұйлы соғыстың  зардаптарын, ұрыс даласында қансырап өлiп жатқан мыңдаған сарбаздардың жағдайын өз көзiмен көрiп, жаны түршiккен швейцариялық iскер азамат Жан Анри Дюнан  «Сольферино шайқасы туралы естелiктер» атты кiтап жазып, соғыстан жапа шеккендерге қол ұшын созып, жәрдем беретiн бейтарап ұйым құру туралы ұсыныс айтқан. Және сол ұсынысының iске асуына өзi  бел шешiп кiрiскен. Бұл игiлiктi iске заңгер Гюстав Муаньенi және басқа достарын тартып, 1863 жылы Женевада Халықаралық Қызыл крест ұйымын құрған. Негiзгi мiндетi соғыста бүлiншiлiкке ұшыраған, жер сiлкiнуден, тасқын-сел, қар көшкiнiнен апатқа ұшыраған адамдарға медициналық, әлеуметтiк көмек көрсету, сондай-ақ халықты iндет ауруларынан сақтандыру, емдеу шараларын ұйымдастыру болған... Және осы игiлiктi де өнегелi iсi үшiн Анри Дюнан 1901 жылы бейбiтшiлiк үшiн берiлген тұңғыш Нобель сыйлығын алған. Ал ол ашқан Халықаралық Қызыл Крест ұйымына жүз жылдың iшiнде екi мәрте Нобель сыйлығы берiлгенi де тегiн емес.  Бiр  назар аударар жәйт,  бағзы замандарда өмiр қозғалысының, күннiң, жарықтың, игiлiктiң нышаны болып келген свастика белгiсiн қанқұйлы Гитлер фашистiк, нацистiк рәмiзге айналдырып, адамзат алдында қарабет қылып, өшпес күйе жақса, керiсiнше адамгершiлiктi Анри Дюнан крестiң қырғын-жойқын мағынасын халықтар алдында ақтауға үлес қосты.

Бiз бұл жерде Қызыл Крест сынды аса беделдi халықаралық ұйымға топырақ шашудан аулақпыз. Мәселе - басқада. Мәселе, осы салада да крест атаулы омыраулап алға шығып, бiздiң Қызыл Айымыздың кенжелеп қалуында.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинеге хижрет еткен түнгi көкте ерекше жарқыраған асыл Ай соңыра күллi мұсылман қауымының қасиеттi рәмiзiне айналғаны аян. «Аспанда Ай болмаса адасады» дейтiн өлең жолы осындайда еске түседi.  Сонымен қоса, жарты әлемдi жаулаған жаһангер түрiк Осман паша түсiнде жердiң бiр шетiнен екiншi шетiне дейiн ұзынынан ұзақ жарқырай созылып жатқан шалқақ  Айды көрiп, сол түсiн жақсылыққа жорып, мұсылмандық сара жолға балап, Ай бейнесiн өз туына жапсырыпты деген де әфсана бар.

Атам қазақтың жаңа Ай туғанда:

Ай көрдiм,  аман көрдiм,

Әлдеқандай заман көрдiм.

Ескi айда есiрке,

Жаңа айда жарылқа,- деп  Айға бата жасау салты, сүйiктi қызына Ай, Айман, Айгүл деп ат қою ғұрпы, сұлулықты Айға теңеу дәстүрi әлмисақтан берi келе жатыр.

Егер Еуропа тарихшыларына бақсақ, сонау ықылым заманнан жеткен  мұсылмандық Ай бейнесiн түрiктер өздерi жаулаған Византиядан алып, 1453 жылы  Осман империясына рәмiз етiптi-мiс. Олардың жазуынша, Ай - Константинополь қаласының  таңбасы көрiнедi. Бұл жерде мұны - өз бидайыңды өзiңе бұйыртқысы келмеудiң айқын мысалына балап, осы бiр еуропоцентистiк озбырлар қыл аяғы Айдың бейнесiн де бiзге қиғысы келмейдi-ау деп  күйiктi кесiм жасауға да болар едi. Бiрақ тарихи факт, артефакт дейтiн бұлтармайтын да бұлтартпайтын, бұлжымайтын да бұлжытпайтын жәйттар бар ғой. Оны жоққа шығару қиын. Тарихтың арбасынан түсiп қалуға болар, бiрақ түссең - тарихтың дөңгелегiнiң астына түсесiң.

Адамзат тарихын зерделейтiн археологиялық қазбалардан табылған аса құнды жәдiгерлер қатарындағы - кәдiмгi Айдың таңбаларынан оның Күнмен, Жұлдызбен, Крестпен қатар рәмiз ретiнде бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi ежелгi өркениеттер кезiнде қолданыста болғанын байқаймыз. Қазiргi басты дiндер жаратылмастан бұрынғы замандарда  ежелгi Мессопотамия кезеңiнен табылған атақты бiр таңбада:  шалқалаған Айдың аясында - дөңгелек Күн, ал оның ортасында - Крест бейнеленген. Осы  таңбаны зерттеушi ғалымдар  мұндағы Ай белгiсi - Ай құдайы - Синаның бейнесi, ал Күн -  Күн құдайы Ашшур деп санаған. Дәл осындай Айлы таңбалар ежелгi Ассирия мен Бабыл жерiнен де табылғаны мәлiм. Осы аталған символдар түгелімен (оның ішінде свастика да бар!) біздің Түркістандағы Кожа Ахмет Яссауи кесенесісің өрнектерінен де кездеседі. Қалай болғанда да әлемдегi ең жас дiн - исламның темiрқазығына айналған Ай рәмiзiнiң тарихы жер серiгi жаралғалы келе жатқандай тым әрiде екенi сөзсiз.  өйткенi түрiктер иеленген Византия мәдениетi - Мессопотамия, Бабыл мәдениетiнiң жалғасы, шығыс Рим өркениетiнiң жемiсi. Саяси билiктi алғанымен түрiктер бұл елдiң мәдени-тарихи мұралары мен жәдiгерлерiн бүлiншiлiкке ұшыратпай, қиратпай, аман сақтап қалды. Бүгiн соның арқасында елiндегi туризмдi дамытып, жүрек жалғап отырған жайы бар.

Шәкәрiм  атамыз Стамбул шаһарының аты «Ислам бол» дегеннен шыққан десе, кеңестiк атақты түрколог, академик Андрей Кононов Константинополь сөзiнiң бұрмаланып айтылуынан шыққан деп жазады. Қалай болғанда да кезiнде  православие дiнiнiң ордасы әрi Шығыс Рим  империясының орталығына айналған  Византия мен оның астанасы Константинополь түрiктер басып алмай тұрып-ақ шығыс өркениетiнiң ошағы, мәдениетiнiң ұстыны  болғанын тарихи мұралар дәлелдейдi. Сондықтан Түркия туындағы Ай мен Жұлдыздың тарихы тым тереңде деп айтуға толық негiз бар. Кешегi Қытай мен Кеңес өкiметiнiң ортасынан ойып орын алып,  тәуелсiздiкке қол созған Шығыс Түркiстан республикасының туында да Ай мен жұлдыз болған.

Ал бiздiң жас мемлекетiмiз тым еуропашыл боламыз деп, киелi де аяулы Айымыздан айни бастаған жоқпыз ба?

1876-1878 жылдардағы орыс-түрiк соғысы кезiнде Түрiк елi қорғаныс рәмiзi ретiнде Қызыл Айды қабылдайтынын, дегенмен дұшпандары пайдаланатын  Қызыл  Крестi де құрмет тұтатынын мәлiмдеген.  Сол тұста Парсы елi де Қызыл Крестен бас тартып, Қызыл арыстан мен Күн белгiсiн қабылдайтынын жариялаған.  Бұл ұсыныстар кейiн Женевадағы дипломатиялық конференцияда мақұлданып, бекiтiлген. Сондай-ақ, Иран Ислам Республикасы 1980 жылғы АҚШ-пен соғыс кезiнде бұрынғы рәмiздi тәрк етiп, Қызыл Ай белгiсiн қабылдаған.

Қазақстан аумағында Қызыл Крест ұйымы 1877 жылы алғаш рет Қапалда құрылып, 1896 жылы Алматыда ауруханасы ашылған.

Ал Кеңес үкiметi болса сонау 1923 жылы-ақ Қызыл Крест пен Қызыл Ай қоғамдарының одағын құрып, таразы басын тең ұстауға тырысқан. Осы тақылеттес ұйым Алматыда 1936 жылы  құрылған. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн  осы аттас қоғам да  өзгерiске ұшырады. Ол 2002 жылы жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы болып қайта құрылып, келесi жылы Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясына мүше болды.

Менiңше, бiздегi бұл ұйымның аты дардай да, заты - болмашы сияқты. Ғаламтордағы екi сайтында да бiр қайырымдылық концертiн өткiзгеннен басқа тындырған iстерi туралы ештеңе айта алмапты. Шекесiндегi «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы. 1938 жыл құылған» деген (« ...жылы құрылған» деп жазғандағы түрi) қате жазылған шала мәлiметтен басқа қазақша ештеңе көре алмадық. Бұл қоғамда жақсы психолог мамандар бар сияқты, өйткенi психология жөнiнен қызықты электронды кiтапхана жабдықтаған екен және әр облыстағы үздiк психолог мамандардың аты-жөнi, мекен-жайларын көрсетiптi. Бiрақ қоғам басшылары зардап шеккен жұрттың жүйкесiн емдегеннен басқа да медициналық-әлеуметтiк көмектер керек екенiн естен шығарып алған ба дейсiң.

Кеңес заманында Зайсан зiлзаласы кезiнде зардап шеккен жұртқа зор қолғабыс жасаған ардақты ұйымның бүгiн үнi өшкен. Бүгiнгi Қызылағаш  трагедиясы мен Тарбағатай тасқыны кезiнде де төбе көрсеткенiн байқамадық.  Сонда осындайда апатқа ұшырағандарға ат салыспай, мойын бұрмай, қайрат қылмай Қазақстанның «Қызыл Айы» айға бата қылып отыр ма? Әлде қолынан түк келмейтiн қауқарсыз, қаржысыз, болымсыз ұйымға айналғаны ма? Жиған-терген қаражаты әдеттегiдей талан-таражға түсiп жатыр ма? Кiм бiлсiн?..

Менiңше, бiзде Қызыл Айға құрмет аз, ықылас-ынта да мардымсыз. Дiндарларымыздың өзi Құранды құрметтегенiмен, Айды ардақтай бермейтiн сыңайлы.  Бiз Қызыл Айды қадiрлеп, қасиеттеп, қастерлеудi ұрпақтар санасына бала бақшадан, мектеп қабырғасынан сiңдiре беруiмiз қажет. Бәлкiм, Қызыл Ай қоғамын жұрт  болып жұмыла қолға алып, мемлекеттiк деңгейде қолдау керек болар. Бұл тұста Түркия, Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы сияқты елдерден үйренсек артық емес. Анкара қаласындағы ең орталық үлкен аудан Қызыл Ай деп аталады. Жауынгер ер түрiк Қызыл Айды бағалай бiледi.

Бұл күнде Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да дәрiхана,  аптека, фармация дүкенi дегендердiң қай тұста екенiн алыстан-ақ бағамдауға болады: бәрiнiң белдеуi мен дөдегесiнде Қызыл немесе Жасыл крестер андыздап, жарқылдап, лапылдап тұр!

Бiздiң елiмiзде бұрын болмаған осы бiр Жасыл крестер соңғы кезде қайдан қаптап кеттi? Бақсақ, бұны шығарған басқа емес, өзiмiздiң нысаналы Михаил Горбачевiмiз болып шықты. Ол Нобель сыйлығын алғаннан кейiн 1993 жылы Рио де Жанейрода өткен Әлемдiк саммиттi пайдаланып, «Халықаралық Жасыл крест» атты экологиялық  ұйым құрып, оған жасыл крестi рәмiз етiп алған. Ұйымға дүниежүзiнiң жиырмадан астам елi мүше болған. Содан келесi жылы  алдымен Мәскеу, артынша бүкiл Ресей үкiметi Горбачевтың сол жасыл кресiн сәл өзгертiп, ортасына  ақ түстi жылан оратылған көзенi бейнелеп, дәрiханалардың сыртына эмблема-белгi ретiнде iлу туралы шешiм қабылдады.  2005 жылы Украина Денсаулық сақтау министрлiгi де осыған ұқсас шешiм шығарды. Көршiлерден не жаңалық көрсе соны қайталап, көшiрiп үйренген бiздiң шенеунiктер қалыссын ба - ортасындағы жыланы бар көзенi оймыштап жатуды артық жұмыс көрiп, сылып тастап, жасыл креске бас салып жармаса кеттi! Мiне, содан берi бiздiң дәрiханаларымыздың бәрi жасыл крестiң аясына көше бастады.

Жасыл түстiң экологиялық және мұсылмандық екi астары бар. Бiрақ  сол жасыл түс крестке айналған соң мұсылмандық мән-мағынасынан жұрдай болады. Осының астарында бiздiң дiнiмiздi аяқ-асты ету ғана емес, әжуалау да жатқан жоқ па?

Крестiң аты - крест, оны  мейлi  қандай түске боясаң да өзiнiң о бастағы дiни мазмұнын, христиандық мән-мағынасын жоғалтпайды. Сөйтiп, бiз бiреудiң тотияйын басқан мыс Кресiн  жерден жетi қоян тапқандай жарнамалап жүргенде  өзiмiздiң алтындай Айымыз жетiмсiреп, айдалада адыра қалды.

Соңғы халық санағы бойынша, Қазақстан халқының 74 пайызға жуығы мұсылман екенi анықталды. Ал, мұхиттың арғы бетiндегiлер бұл пайызды да төмендетiп көрсеткiсi келедi. Мысалға, АҚШ  Үкiметiнiң Пью зерттеу орталығының мәлiметiне сүйенiп дайындаған жахандық мұсылман елдерi жөнiндегi баяндамасында 2009 жылғы 8 қарашадағы жағдай  бойынша Қазақстан халқының 56,4 пайызын ғана мұсылман деп көрсеткен. Ал көршiлес Қырғыз елiнде бұл көрсеткiш 86,3 пайыз делiнген. Бiздегi соңғы санақта  ұлтымыздың саны 64 пайызды құрап отыр, ал бiзден басқа татар, ұйғыр, әзiрбайжан, дүнген, шешен, ингуш, курд, т.б. мұсылман дiндес жұрттар мен ұлыстардың өкiлдерiн қоссақ, жамағаттарымыз туралы көрсеткiш одан да өсе түспей ме? Алаш көсемi Ахмет Байтұрсыновша: «Алхамдулиллах...  11 миллион мұсылман елiмiз» деп ауыз толтырып айтуға болар едi. Әттең, бiрақ... тiлiмiз бармайды, ахуалымыз әлгiндей.

Ендеше, сонда 11 млн. мұсылман өмiр сүрiп жатқан елiмiзде, төрiмiзге қызыл-жасыл крестi қаптатып қойып, бiздiкi не талтаң?

Конфуций: «Дүниенi рәмiздер мен белгiлер билейдi» деген. «Түбiнде Қазақстан Хазар қағанатының кебiн киiп қалмасын» деген қауiптi академик Рахманқұл Бердiбаев бекер айтпаған. Хазар тарихының iндетi қазақ тарихына жұға бастаған сияқты. Осыдан сақтанбай отырмыз, сақтанғымыз да келмейдi. Сақтанбағанды кiм сақтайды?

Мақаламыздың басында айтып өткендей,   азаптау, қинау. жоқ қылу, жою, азап арқалау, шоқыну сияқты ұғымдар беретiн, ұлттық таным-түсiнiгiмiзге үйлеспек тұрмақ аса қайшы келетiн крест белгiсiнен бүгiнгi тәуелсiз Қазақстанның құтылар күнi бола ма? Жоқ әлде бұл жерде бүкiл қазақстандықтарды шоқындыруға бағытталған бiз бiлмейтiн бiр жымысқы саясат жатыр ма? Онсыз да Иеговы куәгерлерi, баптистер,  кришнаиттер, т.б. сияқты қаптаған жат дiндердiң жастарымыздың санасын улап, жан-жүрегiн шырмап жатқаны мынау!  Онсыз да исламит, қоранит, ахмедит... және басқа да түрлi ұхит-сұхит деп, жалқы ұлтымыз, жалғыз нанымымызды, дiнiмiз бен дiлiмiздi бөлшектеп бара жатқан сыртқы күштер анау! Осынау бiр қарағанда елеусiз көрiнгенiмен күрмеуi күрделi мәселеге Парламент депутаттары мен Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұсылмандардың Дiни басқармасы, Қызыл Ай қоғамы қалай қарап, не деп жауап берер, қандай шешiм қабылдар  екен? Әлде, әдеттегiдей, жауырды жаба тоқи сала ма? Әйтпесе, пенде болған соң ауырмай-сырқамай тұрмаймыз - өзiмiз дәрi алатын дәрiхана, өзiмiздi  әкетiп бара жататын «Жедел жәрдем» - бәрiнде жарқырап крест тұрғанда, иман үйiрудi де ұмытатын шығармыз. Бүйтiп үйiрген иманыңнан не сауап?

Адамзатқа бiткен ойшыл қаламгерлердiң маңдай алдындағы Лев Толстойдың өзi:  «Түбiнде бүкiл әлем исламға келедi» дегендi бекер жазбаған. Бiз де осы көрiпкелдiк сөздiң тереңiне бойлап, түкпiрiне үңiлiп, өзiмiз үшiн, елiмiз үшiн, ұрпақтар үшiн қорытынды жасай алсақ қанеки?!

0 пікір