Сенбі, 20 Сәуір 2024
Африкалықтың арманы... 7130 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 19:10

МАМУТУ КУЛИБАЛИ: АЛЛА ҚАЛАСА, ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ҮЙЛЕНЕМІН!

«Қайсар» - Қызылорда футбол клубының қорғаушысы Мамуту Кулибали қазақ қызына үйленбекші. Футболшы бұл ойын «Қайсар» клубының ресми сайтына берген сұхбатында айтқан.

Төменде аяқдопшының сұхбатын ықшамдап аударып беріп отырмыз.

Мамуту Кулибали:

«Екі жылдан бері қазақ қызымен кездесіп жүрмін. Есімі – Мәдина. Павлодарда тұрады. Банкте жұмыс істейді. Былтыры Францияда бірге дем алдық. Оны сүйем, сағынамын. Алла қаласа, болашағымды тек Мәдинамен ғана байланыстырамын.

Өкінішке қарай, қазақша түсінбеймін. Шынымды айтсам, Павлодарда қазақша үйренуге қажеттілік болған жоқ. Ол жақта бәрі орысша сөйлейді. Қызылорда қазақы қала екенін білемін, сондықтан кешікпей қазақ бір-екі ауыз білетіндей дәрежеде болатын шығармын.

Қазақстан мен жұмыс істеп жүрген 6-ншы ел. Әртүрлі елдің чемпионаттарында ойнай жүріп, сол елдің тілін үйрендім. Орыс, ағылшын, француз, малий тілдерін білемін. Түрікше де аздап сөйлеймін».

 

Мамуту Кулибали - Малий елінің азаматы. Легионер аяқдопшы. Қазақстанның аймақтық футбол командаларының құрамында ойнаған. Қазір «Қайсар» - Қызылорда футбол клубының қорғаушысы.

Мамутудың отаны Малий – Африканың батысында орналасқан мемлекет. Бұрын Францияның отары болған. Бұл елдің ресми тілі – француз тілі.

Abai.kz

0 пікір