Жұма, 26 Сәуір 2024
Мәселенің мәні 6153 0 пікір 27 Наурыз, 2014 сағат 11:26

УКРАИНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ

Жангелді Шымшықов, экономист, Экономика институты Астана филиалының директоры (суретте):

 

- Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті жағдай Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бе?

 - Қазіргі жаһандану заманында әлемдік экономика бір-бірімен тығыз байланыста. Украина мен Қазақстан арасындағы сауда, капитал айналымы және кәсіпорындар байланысы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымына жетпесе де қомақты деуге болады.. Сондықтан, Украинадағы кез келген экономикалық өзгеріс қалай десеңізде Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Әсер етпейді деп жаһанданудың заңдылықтарын түсінбейтін Адам ғана айтуы мүмкін. Украина ғана емес, Қазақстан экономикалық байланысы бар өзгеде елдердегі жағдай бізге міндетті түрде әсерін, ықпалын жасайтыны сөзсіз.

- АҚШ пен Еуропа елдерінің Ресейге жасап жатқан экономикалық қысымдарының қандай бір нәтижесі бола ма?

 - Міндетті түрде әсер етеді. «Жығылған күреске тоймайды» дейді ғой, Ресей туралы қазіргі айтып жатқан сөздер дәл осы сөздің кері. Егер оның әсері болмайтын болса, АҚШ ондай қадамға бармас еді. Бұл экономикалық қысымдардың кері әсері Ресей арқылы Қазақстан экономикасына да тиюі мүмкін.

 Дайындаған – Өміржан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

0 пікір