Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5914 0 пікір 27 Наурыз, 2014 сағат 14:28

«Ұлтшылдарды билікке жолатпаңдар!»

Алматыдағы Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің украин халқына арнап жасаған үндеуін бір ауыз сөзбен осылай деуге болады. «Украин азаматтары, билікке неоұлтшылдарды жібермеңіздер! Ел тағдыры сіздердің өз қолдарыңызда», - дейді біздің ауғаншылар. Олардың ойынша, ұлтшылдық қатерлі дерт, оның ТМД көлемінде ауа жайылып кетуі әбден мүмкін. Қазақстандық ауған соғысы ардагерлерінің үндеуі Украинаның Алматыдағы консулдығы арқылы аталған елге жол тартты.

Абай-ақпарат

0 пікір