Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7766 0 пікір 27 Наурыз, 2014 сағат 14:37

Рыскелдиев-Досанов дауы Жоғарғы сотқа жетті

Естеріңізде болса Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досанов пен қарт қаламгер Тұрсынәлі Рыскелдиев бір жылдан бері соттасып жүр. Дау Сәбит Досановтың Мемлекеттік сыйлық алған «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясынан шыққан. Тұрсынәлі мырзаның айтуынша, аталған романның екінші кітабында («Ұйық») өзінің «Тау тағысы» романы мен «Ұлы көш» романының 1-ші, 2-ші кітаптарындағы оқиғалары, ойлары қайталанған көрінеді.

«31» телеарнаның хабарлауынша, бір жылдан аса соттасқан қаламгерлер дауы енді Жоғарғы сотқа жеткен көрінеді. Бұған дейін "Менің шығармаларыма ұрлық жасады" деп Сәбит Досановты сотқа берген Рыскелдиев аудандық және қалалық соттан да жеңіліп қалған еді. Алайда, "еңбегімді қорғап қалу үшін соңына дейін күресемін" деген қарт қаламгер енді жоғары сотқа шағым түсіріпті. Ол «Тарихи деректі романдарындағы 30-ға жуық оқиға желісін ұрлаған» Сәбит Досановпен соңына дейін күреспек.

Абай-ақпарат

0 пікір