Сенбі, 20 Сәуір 2024
Өзбектің өз дегені бар 9761 0 пікір 27 Наурыз, 2014 сағат 17:21

ӨЗБЕКСТАН ҚЫРЫМНЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНА ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАЙ АЛМАЙДЫ

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Украинадағы Қырым мәселесіне байланысты мәлімдеме таратты.

Онда былай делінген: «Өзбекстан республикасы БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық нормаларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіріп, күш қолданбай, қалыптасқан халықаралық шиеленісті жағдайдың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды.

Өзбекстан мұндай ұстанымды осыған ұқсас халықаралық мәселелерде де басшылыққа алған. Болашақта да осы ұстанымнан таймайды».

Сондай-ақ, мәлімдемеде Украина мен Ресейд тарихи тамырлас, бауырлас халықтар болғандықтан қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы екіжақты келіссөз жүргізу екені айтылған.

Abai.kz

0 пікір