Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5749 0 пікір 28 Наурыз, 2014 сағат 13:12

Н.Назарбаев: Жол апатына кінәлі танымал адамдардың балаларын қатаң жазалау қажет

Жол апатына кінәлі танымал адамдардың балаларын қатаң жазалау қажет. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының дамуына арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Криминогендік ахуалға тоқталған Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, қалада 53 мың қылмыс тіркеліп, оның 80 пайызы ашылмады. Бұл ретте жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артып отырғандығы байқалады. Осыған орай әкімдіктің өтінішімен ішкі істер департаментінің штат саны ұлғайтылды. Дегенмен әлі күнге 500 орын бос тұр.

Сонымен қатар Президент Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Елбасы жол-көлік оқиғаларына да баса назар аударып, олардың саны 3 есеге артып, 7000 оқиға дейін жеткеніне баса назар аударды.

«Бұл ретте жол-көлік апаты танымал адамдардың балаларының және туыстарының қатысуымен орын алатындығы жайында фактілердің аз еместігіне назар аудару қажет. Заң алдында барлығы да бірдей. Сондықтан да бұл жағдайларда балаларды да, ата-аналарды да қатаң жазалау қажет», - деді Елбасы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3624