Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7508 0 пікір 28 Наурыз, 2014 сағат 21:50

Жазушы Дулат Исабеков Президентпен кездесті

Алматыдағы резиденцияда өткен әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі.

Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты.

akorda.kz

0 пікір