Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5559 0 пікір 30 Наурыз, 2014 сағат 14:01

ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ АВТОНОМИЯ ҚҰРМАҚ

29 наурыз күні Бақшасарайда өткен қырым татарларының кезектен тыс құрылтайында Қырым татар халқының ұлттық территориялық автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Қаулыда "Қырым татарларының тарихи отаны  - Қырымда Қырым татар халқының ұлттық территориялық автономиясын құру туралы саяси және құқықтық жүргізу тәртібі басталғанын жариядау.  Қырым татар халқы өзінің тарихи отанында  ұлттық территориялық автономия формасында өзін-өзі билеу құқығы туралы барлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа одағы, ЕЫҚҰ және мемлекеттердің үкіметтері, парламенттерімен қарым-қатынас орнатуды Мәжіліске тапсыру" туралы айтылған.  

Бұған дейін, яғни, 16 наурызда Қырымның мәртебесін анықтау туралы референдум өтіп, нәтижесінде Қырым Ресейдің құрамына енген болатын.

Aбай-ақпарат

0 пікір