Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4893 0 пікір 31 Наурыз, 2014 сағат 10:25

Ердоған партиясы жеңіске жетті

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бірқатар қала басшылары мен жергілікті билік орындарына сайлауда өзінің "Әділет және даму" партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды «Азаттық».

30 наурызда өткен сайлаудың алдын-ала қорытындылары бойынша, "Әділет және даму" партиясы берілген дауыстың 46 пайызға жуығына ие болған. Ал оппозициялық Республикалық халықтық партия 23-28 пайыз аралығында дауыс жинаған.

Айта кетерлігі, «жеңіске жеткен» партия лидері Ердоған сайлау науқанында өзін «жемеңқор» етіп сипаттаған және мемлекеттік құпияны әшкерелеген Гуленнің жақтастарына тиісті шара қолданатынын айтқан көрінеді. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінің қауіпсіздігіне сызат түсірген «Твиттер», «Ютуб» интернет желілерін де бұғаулайтынын жеткізіпті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір