Сенбі, 6 Маусым 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 12511. Жазылғандар — 6903. Қайтыс болғандар — 52
Жаңалықтар 3960 0 пікір 31 Наурыз, 2014 сағат 12:53

Президент ел кірісінің 21 пайызын қалтасына басқан

Әлемдік банктың хабарлауынша Тунистің экс-президентінің «Отбасы» ел кірісінің 21%-ын қалтасына басқан деп жазады «ҚазАқпарат».

Тунистің экс-президенті Зин эль-Абидин бен Али мен оның маңайындағылармен байланысы бар 220-ға жуық фирма жыл сайын елдегі компаниялар кірісінің 21%-ына, яғни  $233 млн (0,5% ЖІӨ) қаржыға қол сұққан. Бұл Тунисте, Мысырда революцияның болуына ықпал еткен, деп жазды РБК Әлемдік банкке сілтеме жасап.

Әлемдік банк бен Али фирмалары әрдайым өз бәсекелестерінің алдында болған.  Билік еткен 16 жылында экс-президент 45 түрлі сектордағы лицензиялық талаптарды және 28 сектордағы тікелей шетелдік инвестиция құю бойынша жаңа шектеулер туралы 25 жарлыққа қол қойған.  Әлемдік банк сарапшыларының пайымынша, бұл өз фирмаларын бәсекелестіктен қорғау мен ірі пайда табу үшін жасалған шара.  

Көтерілістен кейін Тунистің жаңа билігі бен Али активтерін тәркіледі. Оның ішінде 550 мүлік нысаны, 48 кеме мен қайық, 40 акциялар портфелі, 367 банк шоты мен 400-ге жуық кәсіпорын болған. Комиссия бұл активтердің жалпы құнын $13 млрд. немесе Тунистің 2011 жылғы ЖІӨ-нің 25%ы деңгейінде бағалады, делінген баяндамада.

Тунисте есеп беру сапасын арттыру үшін деректер мен ақпараттарға қолжетімділік аясын кеңейту жоспарлануда.  Алайда көтерілістен кейінгі 3 жылда  бен Али кезіндегі экономикалық жүйе аса өзгермеді, дейді Әлемдік банк.

2011 жылдың басында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы бірқатар араб елдерінде бұқаралық наразылық орын алды. Жүздеген адам әлеуметтік әділдікті және басшыларының орнынан кетуін талап етіп шықты.   Нәтижесінде  бен Али қызметтен құлатылып, Сауд Арабиясына қашты. Мысырда 30 жыл ел басқарған президент Мүбарак 2011 жылдың ақпанында қызметтен кетті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір