Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әкімнің ісі 5478 0 пікір 1 Сәуір, 2014 сағат 15:22

«ВЕРСИЯ» БІЗДІ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫМЕН ҚОРҚЫТПАҚ!

«Версия» Павлодар облыстық апталық газеті (редакторы Ярослав Голышкин) үстіміздегі жылдың 10 наурыз күнгі санындағы «Что шьют Арыну?» атты мақаласында қаржы полициясының тергеу амалдарының құпиясы болуға тиісті мәліметтерді ақпарат кеңістігіне таратқан еді.

Керекулік қазақ зиялылары мұны қаржы полициясының Ерлан Арын жөнінде теріс қоғамдық пікір тудыруды көздегенінің көрінісі ретінде қабылдап, 28 наурызда Қалижан Бекқожиннің ескерткіші жанында өткен шарада наразылығын білдірді.

Сол «Версия» газеті кешегі (31.03.2014) №12 санында «Пожалейте Арына» атты хабар жариялап, әлеуметтік желіде теріс жазбаларын қалдырған белгісіз біреулердің қаржы полициясына Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған Ашық хат авторларының Е. Арынның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатыстылығын анықтау жөніндегі өтінішін атап көрсетіпті. Сөйтіп, «Версия» қазақ зиялыларын қаржы полициясымен қорқытпақшы болыпты! Мұнымен тынбай, біздің аузымызға «Арынды аяңдар» деген сөз салыпты...

Е. Арынның үстінен қозғалған қылмыстық істе кейбіреулер Павлодардағы «Версия», «Обозрение недели» газеттерін өз мүдделеріне пайдалану арқылы біздің Ертістің Кереку өңірінде ұлтараздығын қоздыруға жағдай тудырып отыр! Мұндағы қазақ зиялылары мен тәуелсіз орыстілді газеттер редакцияларының арасы онсыз да ушығып тұр.

Арман Қани

Павлодар

Abai.kz

0 пікір