Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6862 0 пікір 1 Сәуір, 2014 сағат 15:37

Дина Төлекова. Путиннің адымы қорқынышты...

Бірнеше дүркін төңкеріс ақыры украиндықтарың түбіне жетті. Қазір ел экономикасы мен әлеуметтік ахуал күрт төмендеді. Саяси жағдай әлі де ушығып тұр. Ең басты жеңілісі - Қырымнан айырылды. Дәл қазір қайыршы күйге түскен елдің өзгелерге "қол жайып" отырған жайы бар.

Ау, күні кеше ғана Ресейді "құртам-жоям" деген Батысың қайда? АҚШ бірнеше санкциямен шектелді де қойды. Оған Ресейдің қылы қисаймады. Германия Мәскеумен байланысын бұзғысы жоқ. Франция да міңгірлеп "жабулы қазанды жабулы күйінде" қоя салды. Өз қамдарына келгенде, олардың бәрі арам, шық бермес шығайбай, есебіне түгел. Сатқысы келсе сатып жібереді де, сосын мыңқиып түк білмегенсіп отыра береді. "Джи-8-ге қоспаймыз" деп даурығып еді, онысынан да түк шықпады...

Бүкіл әлемнің көзін бақырайтып қойып, украиндықтардың бүйірінен Қырымды суырып алғанда, орыстарға кім не дей алды?! Араша түскендер бар ма? Әлемдік қызу дебаттан, айыптаулардан өзгерген дәнеңе бар ма? Жоқ. Екі ортада арандап, сорлап қалған украиндықтардың бүгінгі жайы тіпті адам аярлық.

Қолы қанға боялған Путиннің адымы қорқынышты. Батысың өз мүддесіне келгенде, жымысқы... Осындайда қара шалдың мына сөзі еріксіз тілге оралады: "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап".... Әділет айту бізден, төрелік көптің қақы!

facebook.com

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565