Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4084 0 пікір 3 Сәуір, 2014 сағат 16:21

ПРЕЗИДЕНТ ТАҒАЙЫНДАУЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Президент Н.Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесіп, жаңа тағайындауларға түсініктеме берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлайды.

«Мемлекет басшысы кездесу барысында Кәрім Мәсімовке Президент Әкімшілігі Басшысының қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

 – Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясында мақсаттарымыз бар және Үкімет оларға қол жеткізу үшін жасалатын жұмысты жандандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты әрі оңай емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз Жарлығымен Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалғанынан хабардар етті.

– Мемлекеттік хатшы кең ауқымдағы міндеттерді атқарады, ал Ә.Жақсыбековтің бұдан бұрынғы қызмет салаларында жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады, – деді Мемлекет басшысы.    

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігі Басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Әкімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ Әкімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, – деді Қазақстан Президенті».

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528