Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Абай.tv 7354 0 пікір 4 Сәуір, 2014 сағат 16:11

БІРТУРАР ҰЛ

Бокшсы Бекзат Саттарханов 2000 жылы өткен Сидней олимпиадасындағы финалдық кездесуі

Бауыржан Сегізбаев. БІРТУРАР ҰЛ

Сидней олимпиадасының чемпионы, қазақтың біртуар ұлы
Бекзат Саттархановқа

«Бекзат бокстан қазақтан шыққан
тұңғыш Олимпиада чемпионы!!!»
Спорттық газеттен

Білегі батыр баһадүр,
намысты қолдан бермеген!
Жүрегі ақын арқалы ұл,
жеңісің жүрек тербеген!

Біртуар ұлы текті елдің,
Жұртың әр күні еске алар.
Қас қағым сәтте жоқ болдың,
алшаңдап жүр ғой басқалар...

Бұл ажал дейтін дос кімге,
дарынға дұшпан келеді ол.
Ажалдың жолын кестің бе,
жолыңды кесті неге Жол?..

Алаштың даңқын асырған,
қазақтың атын танытқан!
Арманда кеткен асыл жан,
атып тұрсаңшы табыттан!

0 пікір