Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3327 0 пікір 10 Мамыр, 2009 сағат 21:43

«АТФБанкты» $100 млн-ға қаржыландырады

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ - Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «АТФБанкке» жалпы көлемі $100 млн болатын екі займ бөлуді болдады. Мұндай ақпарат бүгін ЕҚДБ сайтында жарияланды.

Көлемі $70 млн болатын несие, ең үлкен айналымы $6 млн және жұмысшылар саны 249 адамнан аспайтын шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қаржыландыруға арналған.

Көлемі $30 млн болатын екінші несие Қазақстандық кәсіпорындардың қуат тиімділігін жақсарту бағдарламасын қаржыландыруға арналған.

«Бұл несиелер біздердің Қазақстандағы маңызды және жүйелі клиенттерді қолдауды жалғастыратынымызды аңғартады», - дейді ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Михаэль Вайнстайн.

«ШОБ-ті қаржыландыру АТФБанктің жұмысының басым бағыттарының бірі. Ағымдағы ауыр рыноктың жағдайда ЕҚДБ-ның қолдауы Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды. ЕҚДБ-мен біздің ұзақ мерзімдік әріптестігіміздің нығая түскенін көру маған өте жағымды», - деп атап өтті «АТФБанк» басқарма төрағасы Александр Пикер.

ЕҚДБ сонымен қатар «АТФБанк-Қырғызстанда» да ШОБ кәсіпорындарын қаржыландыруға $20 млн бөлді.

«АТФБанкі» - активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы бесінші банк. 2009 жылғы қаңтар-наурызда банк активтері  1,1 трлн теңгені, жеке капиталы - 71,7 млрд теңгені құрады. Көрсетілген мерзім ішінде банктың таратылмаған шығыны 2,6 млрд теңге болды.

0 пікір