Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4114 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 11:32

Жаңа медианы түсінгіңіз келсе...

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында мамыр айының  28, 29  күндері екі күндік семинар-тренинг өткізбек.
Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар жандар шақырылады.  
Тренинге қатысамын деген үміткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс. Ертерек жолданған өтініштердің қабылдану мүмкіндігі жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com
Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауалнама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін енгізуі тиіс.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы

www.minber.kz
minberkz@gmail.com

0 пікір