Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 9680 0 пікір 15 Сәуір, 2014 сағат 11:28

САЛАУАТ КӘРІМ. ӘКІМДЕРДІҢ СЫҚПЫТЫ

Ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың  астары жаман, қазаққа деген жеккөрінішке толы сөздеріне, жалпы саяси билікте отырған облыс әкімнің көзқарасын, түсінігін, ойын, саяси сауатын көрсететін: «не по­стес­нял­ся за­явить, что в гла­за бро­са­ет­ся боль­шое ко­ли­че­ство ка­за­хов сре­ди на­чаль­ни­ков, что он  ищет до­стой­ные кад­ры в на­шем крае и по рес­пуб­ли­ке в це­лом. Он уже об­ра­щал­ся к сво­им зна­ко­мым – ми­ни­страм, биз­не­сме­нам – с прось­бой пред­ло­жить кан­ди­да­тов -нека­за­хов в гос­слу­жа­щие об­ласт­но­го уров­ня», - деген  сөздеріне көзі ашық, көкірегі ояу адам сөзін босқа шығын етпес еді. Неге дейсіз ғой?!

 Өйткені бұндай құбылыс –   билік басындағылардың қалыпты әдеті, биліктің жеткен түсінігі.  Өзінің ұлтына, қазақ  халқына, қазақ мемлекетіне деген қалыптасқан күнделікті көзқарасына айналды, қазіргі биліктің саяси  ұстанымы және бағыты десе де болады.  Бір  «бұзық»  облыс әкімі  тұтастай бір өңірді (өзінің туып өскен жерін) өкіртіп  қанап сорып, қашып жүр, енді бір аймақтың «жылпос» әкімі  «Қытайға жерді жалға берейік» деп қыңқылдай береді, енді біреуі баяғыда Алматыны Алатауымен бірге сатып Швейцария асты, тағы біреуі Хорватияда ресми тығылып жүр, сол Павлодар облысының  бұрынғы әкімі өзгенің ығына жығыламын деп абыройын төгіп,  «атаман» атанып, қызметінен кетті, айта берсең  аяғы жоқ, шексіз сұмдықтар. Шетінен айлакер, парақор, жемқор, мақтаншақ, тәңір сүймес - тәкаппар, жалтақ әкімдер. Биліктегі облыс әкімдері өздері бас болып тәуелсіздіктің қадыры мен мақсатын түсінбеген соң, басқа жұрт не істемесін?!  

                                                                        

   Abai.kz  

0 пікір