Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4404 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 09:52

Құрылтай құрқылтайдың базарына айналды

Өткен жұмада ел ішін елеңдеткен екі оқиға болды.  Бұқара жұртты шулатқан «Ел бірлігі» доктринасы сыртқы істер министрі - мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бастаған лауазымды топтың тарапынан қолдау тауып Елбасының құзырына жөнелтілді.

Алматыда ұлт патриоттарның шақыруымен жалпы қазақ құрылтайы өтті. Біздің редакцияға хабарласқан оқырман осы екі жайтке байланысты неге нақты ақпар бермейсіздер деп сұрап жатыр. Доктрина туралы жамиғатқа жағымды жаңалық айтуға болатын сияқты. Өйткені естуімізше, «Ел бірлігі» доктринасының ұлт патриоттары жасаған нұсқасы мақұлданған көрінеді. Ал, қазақ құрылтайы туралы айтуға сәл ыңғайсызданып отырмыз. Өйткені құрылтай құрылтай емес, құрқылтайдың базарына айналды. Өкінішті. Әйтседе аталған екі мәселенің де басы-қасында жүрген азамат, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның (суретте) болған жайды баяндап беруін жөн көрдік.

Өткен жұмада ел ішін елеңдеткен екі оқиға болды.  Бұқара жұртты шулатқан «Ел бірлігі» доктринасы сыртқы істер министрі - мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бастаған лауазымды топтың тарапынан қолдау тауып Елбасының құзырына жөнелтілді.

Алматыда ұлт патриоттарның шақыруымен жалпы қазақ құрылтайы өтті. Біздің редакцияға хабарласқан оқырман осы екі жайтке байланысты неге нақты ақпар бермейсіздер деп сұрап жатыр. Доктрина туралы жамиғатқа жағымды жаңалық айтуға болатын сияқты. Өйткені естуімізше, «Ел бірлігі» доктринасының ұлт патриоттары жасаған нұсқасы мақұлданған көрінеді. Ал, қазақ құрылтайы туралы айтуға сәл ыңғайсызданып отырмыз. Өйткені құрылтай құрылтай емес, құрқылтайдың базарына айналды. Өкінішті. Әйтседе аталған екі мәселенің де басы-қасында жүрген азамат, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның (суретте) болған жайды баяндап беруін жөн көрдік.

-  Мен Дос Нұр-Ахмет, Дос Көшім сынды азаматтармен бірге доктринаны толықтыру жөніндегі жұмысшы топтың қатарында соңына дейін жұмыс атқардым. Билік тарапынан жұмыс тобына Еуразиялық университеттің ректоры Бақытжан Әдбірайымов, сол университеттің профессорлары Владимир Коченов пен белгілі заңгер Еңлік Нұрғалиева, тарихшы Георгий Кан қатысты. Әрине, алғашқы кезде жұмыс тобының отырыстары қызу, тартысты өтіп жатты. Алайда, тобымыздың үйлестірушісі Дос Нұр-Ахметтің, басқа да азаматтардың парасаты мен сындарлы ұстанымдарының арқасында барлығымыз мәмлеге келіп, әрбір мәселені байыппен, ақылға сала отырып шешетін жағдайға жеттік. Дос ағамыздың сөзімен айтсақ, "мен болып келіп, біз болып" тарастық.

Әрине, бүгінгі күні осы құжаттың мазмұны мен бағыты туралы соңғы кезде көптеген сұрақтардың туындап отырғаны рас. Әр жұмыс тобының ішкі заңдары мен ішкі тәртібі болады. Біздер де жұмысты бастамас бұрын мынадай келісімге келген едік: жұмыс аяқталып, құжат қабылданғанға дейін оның мазмұнын сыртқа шығармайық деген. Ең болмағанда бірнеше күн шыдауларыңызды сұраймын. Құдай қаласа, ол құжат ресми түрде қабылданады. Сол кезде осы әңгімені жалғастыруға өз басым дайынмын. Әр бабы мен әрбір сөйлемінің қайдан шыққанын, нені меңзейтінін айтып берейін. Бір айтарым:  желтоқсан айында талқыға ұсынылған доктринадан да, қаңтарда "Тәуелсіздікті қорғау" қозғалысы дайындаған балама тұжырымдамадан да бөлек құжат дүниеге келді. Менің пайымдауымша, дүниеге тәп-тәуір, жинақы, шын мәнідегі саяси-филисофиялық доктриналды құжат жасалып шықты.

 

Мен білсем осы аптаның ішінде құжаттың ресми тұсаукесері өтеді. Содан кейін құжаттың ішкі мазмұны туралы ашылып сөйлеуге болар. Өз басым жұмысшы топ жасап шығарған құжат қазақ мүддесіне, қазақ ұлты мен мемлекетінің болашағына қызмет ететін деңгейде жасалғаны туралы аузымды толтырып айта аламын. Құжатқа аз-маз өзгерістер енгеннің өзінде де, оның ішкі архитектурасы, бағыты, рухы сақталады деп сенемін.

Ал енді құрылтай туралы әңгімеге келейік. Құрылтай туралы ойларымды жалпы жиын барысында ашық айтқан болатынмын. О бастан оны ұйымдастырушыларға дәл осылай асығып, апыл-ғұпыл шара өткізудің не қажеті бар деп бірнеше рет ескерткен де болатынмын. Одан да тағы бірер ай дайындалып, азаматтардың пікірін жинап, қаңтарда ұлтшылдар ұсынған тұжырымдама деңгейіндегі бірнеше құжаттарды жасап шығайық. Алдағы уақытта парламент және президент сайлаулары келе жатыр. Соларға қатысты қазақ жұртшылығының мұң-мұқтажын ашатын, сайлаудан үмітті партияларға бағыт беретін "қазақ манифесті", "қазақ петициясы" сияқты дүниелерді жасау керек деген ойымды осыдан бес-алты ай бұрын құрылтайды ұйымдастыру тобының жиынында да айтқанмын. Өкінішке орай, оның бірі де болмады. Жасалған баяндамалар мен қарарлар ағымдағы мақалалар мен сұхбаттардың деңгейінен аспайтын, мазмұнсыз, таяз болып шықты. Кешегі күйінде құрылтай - мағынасыздық мерекесі мен популизмнің тойы болды.

 

Сонда бірнеше жыл бойы айтылып келген құрылтайдың мақсаты не болды деген сұрақ туындайды. Егер мақсаты облыстардан халықты жинап, күнделікті күйбең тіршілікке қатысты әңгімелерді ғана айтып, бірімізбен біріміз айтысып, бір-бірімізді кекетіп-мұқату болған болса, онда, сөзсіз, құрылтай өз мақсатына жетті. Ал егер мақсат болашаққа бағыт беретін, қазақ ұлттық қозғалысының ертеңіне бағдар болатын құрылтай өткізу болса, онда бұл алқалы жиын өз мақсатына жеткен де, жақындаған да жоқ. Ұйымдастыру тобындағы азаматтардың басым көпшілігін құрметтеймін, сыйлаймын, алайда "дос жылатып айтады" деген қағиданы еске ала отырып, айтатыным: мынадай ұйымдастырумен, мынадай дайындықпен біз тек күлкіге қаламыз. Оқып та, естіп те жатырмыз. Құрылтай туралы жарыққа шыққан бес мақаланың төртеуі келемеждеуге айналып кетіпті. Құрылтайға қатысқан журналистердің барлығы да "не туралы жазатынымзды білмейміз" деп аң-таң. Қазақтың жиындарының сиқы осы болса, онда "Нұр-Отаным" аман болсын деп кеткендер де болды. Айналып келгенде, өзімізді-өзіміз мазақтағандай болдық.

Құрылтайға пайымдауымша, тереңдік пен шынайылық жетпеген сияқты. Мәселе қатты сөз айтып, жалынды ұран тастауда емес. Ол жағынан жиырма жылда қазекең екіжүзжылдық жоспарын уақытынан бұрын атқарып тастаған халық. Шамалауымша, құрылтайда ең алдымен қазақ ұлтшылдары деген кімдер? Олардың басқа саяси күштер мен биліктен айырмашылығы неде? Жаңағылармен қайтсе, қайткен күнде бірігіп жұмыс істеуге болады деген сұрақтарға жауап берілуі тиіс еді.

Екіншіден, қазақ ұлттық қозғалысының бүгінгі күйі мен тіршілігіне адал баға беріліп, оның болашақта атқарар істері, стратегиясы мен тактикасы туралы шынайы әңгіме айтылуы жөн еді. Осы кезге дейін қалыптасқан "ұлт патриоттары", "ұлтшылдар" дегеннің барлығы сайқымазақтар, қолынан айқай-шудан басқа ештеңе келмейтін маргиналдар деген жалған атақтан қалай құтыламыз? Билік пен арнайы қызметтер көрсетіп берген "сара жолдан", "сценарийлік рөлдерден" қалай шығамыз? Осындай кейіпте жүргеніміз үшін кім кінәлі? Басымыз неге бірікпейді? Неге бір ұйым құрыла қалса болды, қасынан қырық ұйым болып шыға келеміз? Осындай сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет еді.

Үшіншіден, бүгін ұлттық мемлекет құрудың екінші кезеңі басталып келеді. Халықтың сана-сезімінің өсуі, зиялы қауым белсенділігінің артуы оған анық дәлел. Есесіне Қазақ елі өз тарихының ең күрделі онжылдығына аяқ басып келеді. Алдымызда сан-алуан оқиғалар мен қиын асулар тұр. Осыған дайындығымыз қалай? Қйатсек ұлттық күрес отын жандандыра түсеміз? Қайтсек билікті өз жағымызға қаратамыз? Осындай сұрақтарға нақты жауап болмады.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір