Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3854 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 06:13

Қабылсаят қателесіпті...

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі көші-қон комитетінің төрағасына сөгіс жариялап, ескерту жасағанын мәлімдеді

Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев қателесті! Оның айтқан сөзінің дұрыс еместігін кеше Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова да мойындады.
Естеріңізде шығар, осыдан бірнеше күн бұрын Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев Моңғолиядан көшіп келіп жатқан бауырларымыздың 98 пайызы сауатсыз деген пікір білдіріп, оны ашықтан ашық Парламентте жария етті. Осыдан кейін халық арасында наразылық туып, бірнеше қоғамдық бірлестіктер бас қосып, Қабылсаят Әбішев тиісті жазасын алсын деп дабыл қаққан. Тіпті кейбір қандастарымыз лауазымды шенеунікті сотқа беруге де дайын екендіктерін білдірді. Енді осылардың барлығына жауап ретінде министр Гүлшара Әбдіхалықова өз қарамағындағы Қабылсаят Әбішевке сөгіс жариялап, ескерту жасағанын мәлімдеді.

-Қазір шара қолдандық. Көші қон комитеті төрағасының пікірі дұрыс емес. Оны мойындаймыз. Оған ескерту жасалды. Ашық әңгіме болды. Мен бірнеше қоғамдық ұйымдармен кездестім. Бұл іс бойынша тағы да шара қабылданады, - деді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.
Министр комитет төрағасына енді қандай шара қабылдайды екен. Күтейік.

Ғабит Ұзақбай

0 пікір