Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 6177 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 10:27

БҰНЫҢ АТЫН ЖАЛҒАН НАМЫС ДЕЙДІ

Бұның атын жалған намыс дейді. Борат қазақты қорлап, жалпақ әлемге әжуалап кино түсіргенде мыналардың бірі жұмған аузын ашпап еді. Кеше Ресей фашистері Қазақстанның бес облысына көз алартқанда ләм деген жан болсайшы осылардың ішінен. Сайқымазақ Жириновскийдің аузына күнде ақ ит кіріп, көк ит шығады. Қазақты қорлап сөйлеуге келгенде нешеме жылдан бері Жириновский алдына қара түсіріп көрген емес. Соған мұның қалай деген осы кісілердің біреуі болды ма. Енді барлығы келіп, Жарылғап Қалыбайдың бір жапырақ журналына кәрін төгіп жатыр. Анау жылдары Ирак, Иранның жұрты шуылдасып Американың туын өртеп жатушы еді. Біздің жұрттың қағаз өртеуге шамасы жетіпті. Оның өзінде қазақ тілді журналды. Орыс газетін туалетке апаруға қорқатын қазекемнің сиқы. Өз өзіне қожа. Өз тіліне, өз салтына, төл дәстүріне әлімжеттік қылудан аса алмайтын қайран жұртым-ай.

Facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

0 пікір