Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 12709 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 11:23

АҢСАНЫҢ АЙТАРЫ...

Аңса Мұстафа. Бұл - фейсбук әлеуметтік желісін қолданушылар арасында танымал есім. Қоғамдық өмірде болып жататын әртүрлі мәселелерге сергек қарап, үнемі өз ой-пікірін айтып қана қоймай, сонымен бірге әртүрлі тақырыптарда сурет салады.

Аңсаның өзі салған суреттері жайында былай дейді:

«Көріп отырсыздар ғой, тақырыбы әртүрлі. Бірақ бәрін біріктіріп тұрған нәрсе -тәрбиелік мәні бар. Біреулер суреттерің жүректі ауыртады, керегі не деп жатады. Мақсатым - суреттерімнің қазақ жастарына ой салуы: Біреу қартайған әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастамаса, жиіркеніп темекісін тастаса, арағын қойып, үйдегі бала-шағасының мазасын алмаса, жас қыздар алданып қалып, ақыры абортқа бармаса деген секілді ойлардан шыққан дүниелер. Аборт туралы суретімді өзге жұрттар интернетте 7-8 тілге аударып алып өз тілдерінде талқылағандарын көргенмін. Қуаныштымын. Позитивті суреттер де бар».

Төменде Аңсаның қылқаламынан туған бір топ суретті назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ендеше, суреттер сөйлесін.

Абортқа қарсылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Абортқа қарсылық" суретіне жасалған граффити. Алматы.

Әке, балаңа көңіл бөл!

Алаяқтықтың ақыры түрме

Ана, темекі тартпа!

Әпшу берші

Араққа қарсылық

Әрбір төртінші әйел омырау рагіне шалдыққан болуы мүмкін

Бала көріп қоймасын

Декреттікке төленетін ақшаның азаюына қарсылық

Екеуінің ойы екі бөлек

Жаңа жылдан соң

Жексенбілік әке

Жол қарау

Жолда сақ болыңыздар!

Жылқы жылы бір бастарың екеу болсын!

Қарттар үйінде қазақ көп

Көбей қазақ!

Қорқам әке, ұрмашы

 

Ананың жылуы

Мама, уламашы

Махаббат

Ойнаған от басады

Сұлу қыз

Тән саудасы

Темекінің зияны

Ұрыс-керістен бала ғана зардап шегеді

Ұяда

Abai.kz

0 пікір