Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3235 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 06:07

Қазақстан президенті Қырғызстан саяси күштерін елдегі тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге тағы да шақырды

Алматы. 27 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан саяси күштерін елдегі тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге тағы да шақырды.

«... Мен қайтадан Қырғызстанның барлық саяси күштерін, барша халықты бейбіт өмірді тез арада қалпына келтіріп, тұрақтылықты қамтамасыз етіп, тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруге шақырамын. Онсыз инвестицияның келуі де, даму да мүмкін емес», - деді Н. Назарбаев, сейсенбі күні Алматыда басталған IX-шы Еуразиялық медиафорумда сөйлеген сөзінде.

Ол, «Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде «Қырғызстанның дағдарыстан тезірек шығуына септігін тигізуде белсенді араласып отыр» юдеп атап өтті. «Біз бұдан ары да қажет гуманитарлық және экономикалық көмекті көрсете береміз», - деді президент.

Ол сондай-ақ, Қырғызстандағы оқиғалар «өңір елдерінің бірлесе дамуы мен бірлескен қауіпсіздігі үшін экономикалық интеграция жөніндегі қазақстандық бастаманың өзектілігін тағы да көрсетіп отыр», - деп атап көрсетті.

«Өкінішке қарай, қан төгілді, ешқандай күнәсіз ондаған адам қаза болды. Біз ол құрбандар жайлы Қырғыз халқымен бірге аза тұтамыз. Бес жылдың ішінде бұл елде екі елеулі саяси дағдарыс орын алды. Ол, егер елдегі әл-ауқат мәселесі, қоғам қауіпсіздігі, ұлтаралық және дінаралық келісім шешілмесе, катаклизмалар міндетті түрде орын алады», - деді осыған байланысты Н. Назарбаев.

Ол, 2005 жылы аталған медиа форумда сөйлеген сөзінде, сол кезде орын алған «қызғалдақ революциясына» түсініктеме бере отырып, Абайдың сөзін мысалға келтіргенін еске салды. «Соны тағы қайталағым келеді: «...кедейлер... біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық...» (Абайдың үшінші қара сөзінен - ҚазТАГ), - дей келіп, мемлекет басшысы, «бұған бір нәрсені қосып айтудың өзі қиын» деп айтып өтті.

0 пікір