Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 5957 0 пікір 25 Сәуір, 2014 сағат 10:55

ШЕШЕНСТАН РЕФЕРЕНДУМДІ ТАЛАП ЕТПЕЙДІ

Еуразиялық медиа-форумда алыс-жақыннан келген саясаткерлер мен журналистер көп болды. Түстен бұрынғы жиналыста  АҚШ, Россия, Израиля, Иран қатарлы елдердің өкілдері арасындағы сөз таласы қызу өтті. Талдау тақырыбы көбінесе украинадағы саяси кризиске тіреліп отырды. Тіптен Ресей думасының депутаты, саясаткер Константин Затулинге журналистер түйдектете сұрақ қойған еді, соның бірі:

«Сіздер Қырымда өткізілген референдумды әділдік деп қарайсыздар, алайда неге Ресей құрамынан шыққысы келетін республикалардың референдумын қолдамайсыздар? Мысалы, Шешенстанды айтуға болады»

Константин Затулин: «Бұл ескірген іс. Шешенстанда қазір тыныштық, жағдай оңалған. Олар қазір референдум өткізуді талап етіп отырған жоқ. Оның үстіне референдум өткен жағдайда Шешен халқының басым көпшілігі бөлінуді қаламайтынына сенімдімін» - деді.

Мұстафа ЖЕМИЛЕВ неге келмей қалды?

 

Біз Украина, Қырым туралы пікірталасқа байланысты Мұстафа Джемилевті іздеген болатынбыз. Қырымның басты саясаткері әзірше қатысушылар арасынан көрінбеді. Форум бағдарламасында Мұстафа Джемилевтің баяндамасы ертең, 25 сәуірде 09:30 да болады деп көрсетілген. Өкініштісі қазірге дейін ол кісінің Қазақстанға келген-келмегені белгісіз. Тіптен, Ресейдің саяси қысымы мен Еуразия Экономикалық Одағының құрылуының алдында қоғамдық толқу туылуынан сақтану үшін қатыстырылмаған болуы да мүмкін.

Шынын айтқанда, егер Мұстафа ағамыз осы форумда болғанда қазақ журналистердің сол кісінің қасынан табылғылары келетіні белгілі. Бұл үлкен ақпараттық толқын тудырары да хақ. Міне осы жағдайларды ескерген форумға ол кісінің келуі шектелген болуы керек.

Десе де,  біз ол кісінің келуін күтеміз!

Мұстафа ЖЕМИЛЕВ - Қырым Республикасы Меджлисінің басшысы, Украина парламентінің депутаты

АЛТАЙ БҰҚАРБАЙ

Abai.kz

0 пікір