Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3844 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 05:28

Қазақ менің қайын жұрттым, қайын жұртыма қалай тіл тигіземін?..

Жақында «Абай.кз» ақпараттық порталында «Заң газетінен» алынып басылған «Живилов деген жегі құрт кім?» деген мақалаға байланысты оқырман қауымға түсініктеме бере кеткенді жөн көрдім. Мен, Николай Живилов 1952 жылы Алматыда дүниеге келдім.  Кәсіпкерлікпен айналысамын. Әйелім, үш балам бар.

Ең алдымен неге мақаланың түпнұсқасы басылған «Заң газетіне» емес, «Абай.кз» порталына түсініктеме беріп отырғаныма тоқталайын. Әрине, Қазақстанның ақпарат кеңістігінде саналуан бұқаралық ақпарат құралдары бар. Алайда «Абай.кз»  қазақ тіліндегі ең танымал портал екен, әрі қазақ тілін білетін барлық отандастарыма осы портал арқылы болған жайды жедел жеткізуге болатынын түсіндім.

Әңгіменің ашығына жүгінелік, аталған мақаладағы мен айтты деген сөзді екі түрлі адамның ғана дәті барып айта алады.

Біріншісі, шектен тыс ұлтшыл, шовинист те, екіншісі, жүйке жүйесінде ақауы бар адам болуы мүмкін. Ал, мен оның екеуіне де жатпайтынымды мәлімдеймін.

Менің шовинист еместігіме басты дәлелім - әйелімнің қазақ болуы әрі үш баламның нағашы жұртымен етене араласып тұруы деп ойлаймын. Әрине, суын ішіп, нанын жеп отырған қазақ еліне менің алғыстан басқа айтарым жоқ. Күнделікті тірлікте қоян-қолтық араласып, талай жақсылығын көріп жүрген қаншама қазақ достарым бар. Тіпті, менің осындай дәрежеге жеткенімнің өзі қазақ халқының кеңпейілділігінің арқасы деп ойлаймын. Сондықтан мен бүкіл қазақ халқының ар-намысына тиетін ауыр сөз айтуым мүмкін емес. Оған менің болмысым да, тәлім-тәрбием де жібермейді.

Әрине, Сандуғаш Тағабергенова екеуіміздің арамызда қаржылық мәселелерге байланысты дау туындағанын жоққа шығармаймын. Біз де өз тарапымыздан заң бойынша әрекет етудеміз деп санадық, ол да сондай ойда болды. Сондықтан мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін жиі-жиі сотқа жүгініп жүрміз. Дау басталғалы бері бірнеше рет сотта кездесіп, тіпті, бір-бірімізге қатты сөз айтқан кезіміз де болды. Бұл жерде миллиондаған адамның тағдыры тоғысқан қара базардың ішкі «кухнясы» туралы айтып отырудың өзі артық деп санаймын. Тек, сол сөзге келген кездерде бүкіл ұлттың намысына тиетін сөз айтпағаныма ар-намысыммен куәлік ете аламын.

«Абай.кз» порталындағы оқырмандар пікіріне көз жүгіртсем мен «халық жауына» айналыппын. Тіпті, маған деген өшпенділігін ашық жазып жатқандар да бар. Талай ұлт пен ұлыстың басын қосып айрандай ұйып отырған тәуелсіз Қазақстан үшін тұрақтылық, сыйластық - көздің қарашығындай сақтайтын ең басты жетістігіміз. Оны сақтау әр азаматтың міндеті. Бізде ешқашан ұлтараздығы туындаған емес, туындамайды да. Өйткені, біз тағдырлары тамырласқан бауырлас халықтармыз.

Өздеріңізге деген ілтипатпен Н. Живилов

0 пікір