Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4006 0 пікір 4 Мамыр, 2014 сағат 15:37

БИЫЛҒЫ ӘСКЕРИ ШЕРУДЕ ОТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАР ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ

 

«Қазақ елі» алаңында, 7 мамырда өтетін әскери шеруде отандық зауыттарда шығарылған техникалар көрсетіледі, - деп хабарлайды Baq.kz.  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Әскери шерудің Қолбасшысы, ҚР Қарулы күштер Құрылықтағы әскерінің Бас Қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев хабарлаған. «Биылғы шерудің ерекшелігі халыққа бұрынғы техникаларымызға қоса отандық әскери өндіріс зауыттарында жинақталып, жаңартылатын техникалардың көрсетілуінде болып отыр. Бұл уақытқа дейін өткізілген шерулерде біз халыққа Ресей, Түркия сынды шетелден сатып алынған техникамызды көрсеткен болатынбыз» - деген ол өз сөзінде.  Мұрат Майкеевтің мәлімдеуінше отандық зауыттарда бүгінгі күні 350-ден астам танк, 40-тас астам БМП және 110-ға жуық БТР шығарылған. Оардың сапасы шетелдік модельдерден еш кем емес.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір