Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4171 0 пікір 4 Мамыр, 2014 сағат 17:33

АЛМАТЫДА АТАУСЫЗ КӨШЕ КӨП

Tengrinews.kz-тің жазуынша Алматыда 89 көшенің атауы жоқ. Бұл туралы тілдерді дамыту мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшісі Мамай Ахметов айтқан. Оның айтуынша Алматыда   165 көшенің атауы қайталанады. Қаланың түрлі шағын аудандарында Абай атындағы төрт, Әуезовтің атында үш және Жансүгіровтің атында үш көше бар екен.  Әрі елуге жуық көше атауы ескірген. Мысалы, Революционная, Краснодарская, Красноармейская, тағы басқа.  Атауы жоқ көшелерге жергілікті тұрғындармен ақылдасудан кейін жаңа атау берілмек. Екі мыңға жуық көшесі бар Алматыдағы қайталанып келетін көше атауларын алдағы уақытта ономастика жөніндегі комиссия қарайтын болады.

Абай-ақпарат  

 

0 пікір