Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4456 0 пікір 5 Мамыр, 2014 сағат 11:54

КАНАДА РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР САЛДЫ

«Канада үкіметі Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізгенін жариялады.» - деп хабарлайды Bnews.kz. Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі жариялаған жаңа тізімге Ресейдің 16 банкі мен компаниясы ілінген. Жаңа тізімге ілінген барлық компаниялар бұрын АҚШ тарапынан да қысымға ұшыраған заңды тұлғалар. Олардың қатарында Геннадий Тимченко басқаратын «Акваника», «Авиа Групп» және «Авиа Групп Норд», «Сахатранс», «Стройтрансгаз» тобының бес компаниясы және Volga Group холдингі бар көрінеді.
Жаңа санкцияларды енгізуге негізгі себеп «Ресейдің Украинаға заңсыз басып кіргені, бөтен мемлекетке қарсы әскери әрекеттер ұйымдастырғаны» болып отыр.  Канаданың Премьер-министрі Стивен Харпер Канада алдағы уақытта да Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау мақсатында өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс жасайтын болады деген.

Еске сала кететін болсақ 2014 жылдың 28 сәуірінде канаданың қара тізіміне Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Вячеслав Володин, Ресей үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Козак, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Пушков, Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Бабаков, Ресей президентінің Қырымдағы уәкілетті өкілі Олег Белавенцев, ФСО басшысы Евгений Муров және Мемлекеттік Думаның депутаты, ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский ілінген еді. Сондай-ақ Ресейге  өткен аптада АҚШ пен ЕО жаңа санкциялар жариялаған болатын.

 Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610