Жұма, 29 Наурыз 2024
Ұят-ай! 11427 0 пікір 5 Мамыр, 2014 сағат 12:27

ҚАДІРІҢДІ КЕТІРМЕ, ҚАРАҚАТІ!

 Мына ұлан-байтақ елімізге тарайтын "31 арна" деген арна көптен бері біраз жұртшылықтың көзайымына айналып, медиа кеңістіктен өз орнынын ойып алғанын ешкім де жоққа шығара қоймас. Әсіресе, өз басым онд «31»-дің қазақ тіліндегі жаңалықтарын қалыс қалдырмаймын. Қысқасы, ұнайды.
      Алайда кейінгі кездері осы арнадан күндіз-түні шырқалып жатқан орыстардың   "байю-байын" ести-ести құлағымыз сарсыды. Әңгіме әнде емес, бар мәселе осыны кемеліне келтіріп шырқаған әншіде. Ол кім дейсіздер ғой.   Ол – қазақтың күміс көмей әншісі Қарақат Әбілдина деген қарындасымыз. Жоқ, осынау әдемі қарындасымыз өзі қазақтың дәстүрлі әншісі болса да, қазақтың қасиетті "бесік жырын" айтпайды, орыстың "баю-байын" сыңсытады. Қолында қазақтың әп-әдемі қарадомалақ нәрестесі бар. Бәлкім, баласы шығар. Ал, енді өзгесі-өзге оның өзіміздің ата-бабадан мирас болып қалған "бесік жырын" әуелетудің орнына орыстың "баю-байын" шырқағаны несі? Жарнамадағы тиын-тебенге қызықты ма? Олай дейін десең, бұл отбасы қаржыдан тарлық көріп отырмаған сыңайлы.   Жарнаманың да орны бар емес пе?
      Мәселен, ана Роза  Рымбаеваның итальянның сәнді киімдерін жарнамалағаны жарасып тұр. Немесе Нұржұман Ықтымбаевтың француздың атақты артисі Жерар Депардьемен құшақтасып тұрып, банкіге ақша салуға шақырыуын да жөнсіз дей алмаймыз. Ал Қарақаттың мынаусын түсіне алмадық. Жаңадан шығып келе жатқан жас әнші болса, бір сәрі. Немес орыстілді әнші болса да бір қисыны бар шығар дер едік. Қазақтың асыл тәрбиесін бойына сіңіріп өскен, қазір барша жұрттың көзайымына айналған, ал ең бастысы тамаша дәстүрлі ән өнерміздің майталманының қазаққа он қайнаса сорпасы қосылмайтын, қайдағы бір "баю-байды" сыңысытқаны несі? Әлде бізді енді қазақтың ескірген "бесік жырын" қойып, "озат" орыстың "баю-байына" көшіңдер деп үндеп тұр ма? Түсінбедік.      Мүмкін, бұл жұмбақтың сырын осы жарнамадағы келесі бір кадрда балаларын қасына алып, Қарақатпен бірге серуендеп жүрген тағы бір атақты әнші ғана емес, мықты продюсеріміз  Қыдырәлі Болман айтып беретін шығар?
       Бізден бір ғана тілек. Қарақат қарағым, өз асылымыз тұрғанда, өзгенің жасығына қызығып қайтесің? Бұлай етсең қадіріңді кетіріп аласың ғой. Осыны ескер, қарындасым.
                                                                                                                                                                    Мұратбек Дәуренұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559