Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4008 0 пікір 6 Мамыр, 2014 сағат 04:41

УКРАИНА ШЕКАРАСЫН УАҚЫТША ЖАПТЫ

Today.kz-тің жазуынша кеше Украина билігі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерін уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. “Сыртқы істер министрлігіне  Украинадағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне, сондай-ақ Украинаның дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне өткізу бекеттері мен бақылау бекеттерінің уақытша жабылатыны туралы хабарлау тапсырылған”, -делінген хабарламада. Украина үкіметі жақында ғана өз елдеріне ресейлік ер адамдарды кіргізуді тоқтатқан болатын. Аталған жағдай жақын уақытта сайлау өтетін ел үшін кері әсерін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ қаржы дағдарысы қысып бара жатқан ел тұрғындарына да шекара жабылуы оң әсер бере қоймайды.

 

0 пікір